Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея мемлекетте заңсыз жүрген қазақстандықтар үшін рахымшылық жариялады

Оңтүстік Корея билігі мемлекетте заңсыз жүрген қазақстандықтар үшін рахымшылыұ жариялады. Көші-қон заңын бұзғандар келесі жылдың 31 наурызына дейін Корея аумағынан кедергісіз шыға алады. Ал аталған уақыттан кейін еліміздің азаматтары депортацияға ұшырап, 6,5 миллион теңге көлемінде айыпұл салынады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Оңтүстік Корея мемлекетте заңсыз жүрген қазақстандықтар үшін рахымшылық жариялады

Бүгінде Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар саны 12 мыңға жеткен. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, «Жасыл дәліз» науқаны наурыз айының соңына дейін ұзартылады. Соның арқасында Оңтүстік Корея аумағында заңсыз  жүргендер дау-дамайсыз және айыппұл төлемей отанына орала алады. Ал бұл мерзімге дейін мемлекет аумағынан шықпағандар депортацияланып, 6,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынады.

«Біздің Кореядағы елшіліктің мәліметінше, 19 мың қазақстандық заңды түрде тіркеліп, сол жақта жұмыс істеп немесе басқа да себептермен жүр. Оның ішінде ем-дом алу, туризм және оқу да бар. Ал 12 мыңға жуығы заңсыз жүр», – дейді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау