ОҚО-да зейнеткер қақпа алдынан табылған жаңа туған сәбиді өзінде алып қалған

Сейсенбі, 18 Қазан , 2016 10:58

Оңтүстік Қазақстан облысында 60 жастағы Бейсенкүл Әбубәкірова өз қызынан айырылым қалам ба деп қорқады. Сегіз жыл бұрын әйел өз үйінің алдынан жаңа туған сәби тауып алған және оны өзі асырап баққан.

87878

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Осы жылдар ішінде Бейсенкүл апа қызды ресми түрде асырап ала алмаған. Құжатының жоқтығынан Инабат еш жерде ресми тіркелмеген. Бірақ туу туралы куәлік алғанымен анасы қызды жоғалтып алуы мүмкін. Әйелдің төрт баласы өз отбасыларының қамын күйттеп бөлек тұрып жатыр. Ал күйеуі болса бірнеше жыл бойы басқа қалада жұмыс істейді. Заң жүзінде бір-біріне ешкім де емес Бейскенкүл мен Инабат ғана бірге тұрып жатыр.

“Мен оны тауып алған кезде полициядан, прокуратурадан, әкімдіктен келді, мен түсініктеме жазып бердім, бірақ ешқандай жауап болмады. Қанша жыл болды, құжат толтырып жүрмін. Көмектесемін деген соң адвокатқа да ақша төлеген едім, ол бәрібір көмектеспеді”, – дейді зейнеткер.

Ол сәбиді сегіз жыл бұрын өз үйінің алдынан тауып алыпты. Бірнеше жыл бойы акушер болып жұмыс істеген әйел қыздың бірнеше сағат бұрын ғана туғанын білген. Ол полицеймен бірге қыздың туған анасын табуға тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Ақыры сәбиді өзіне қалдырамын деп шешкен.

Инабаттың құжаты жоқ екеніне қарамастан оны бірінші сыныпқа қабылдапты.

“Біз негізі оқушыны құжатсыз қабылдай алмаймыз, бірақ жәрдем көрсеттік. Есеп берілген құжаттар да оның аты-жөні жоқ, бірақ сабақ үлгерімі туралы табелін жүргізудеміз. Ол өте жақсы оқиды, тәртібі жақсы. Құжаттары дайын болғанда тесттен өткізіп, екінші сыныпқа көшіреміз”, – дейді Шардара ауданындағы Аманжолов атындағы мектеп директоры Сырлыбек Шынтаев.

Аудандық білім бөлімі де бұл жағдайдан хабардар және зейнеткерге құжат жинауға да көмектескен. Келесі аптада қызға туу туралы куәлікті беру туралы сот отырысы өтеді. Осыдан соң ғана Бейсенкүл Әбубәкірова қызды ресми түрде асырап алу туралы өтініш бере алады. Ал зейнеткер болса жасы ұлғайып қалғандықтан қызды қалдырмай ма деп қауіптенуде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар