Он жыл бойы лотерея билеттеріне 5 санды қайталып жаза берген америкалық джекпот ұтты
АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны он жыл бойы Fantasy лотереялық билеттеріне тек 5 нөмерді қайталып жазып джекпот ұтып алды. Бұл туралы UPINFO ақпараттық порталына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.
"Мен ойында қолданған нөмірлер маңызды күндер мен бақытты сандардың комбинациясын көрсетеді. Шетелге кетер алдында мен ұтысты жіберіп алмау үшін билетті сатып алдым. Осыны істегенім үшін қандай бақыттымын", - деп түсіндірді 42 жастағы америкалық қуанышы қойнына сыймай. .
Ойын нәтижелерін жариялағаннан кейін келесі күні ер адам 100 мың доллар (37,9 миллион теңге) ұтысқа ие болғанын білген.
"Үйге келгеннен кейін мен әуежайдан тіке лотерея кеңсесіне бардым. Ақшалай жүлдені алуға асықтым", - деді жолы болған американдық.
Құмар ойындардың әуесқойы жеңіп алған ақшасына үй сатып алуды жоспарлап отыр. "Менің бақытты нөмірім он жылдан кейін маған сәттілік әкелді",-деп қорытындылады жеңімпаз.
Талқылау