Өлтірілген ағайындыларды өлім алдында айуандықпен қинаған

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек , 2016 22:17

40 бас сиыр үшін қинап өлтірген! Алматы облысында мал сатып жүріп, іс-түссіз жоғалған ағайындылардың мәйіттері табылды. Сөйтсе, ірі қараға қызыққандар атпалдай 3 азаматтың аяқ-қолын байлап, айдалада атып кетіпті. Ал денелерін ескі қораның ішіне мал тезегімен  көміп тастаған. Қанды қылмысқа қатысы бар күдіктілер де алысқа бармай ұсталды. Екі адам қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр. Дегенмен, қара жамылған ағайын-туыс олардың сыбайластары әлі бостандықта деген сенімде, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Снимок экрана (32)

Бауырларының тірі екеніне сеніп, 9 күн бойы табанынан таусылып іздегендер бүгін осылай мәйітхана алдында жүр. Таудан табылған денелерді жатпай-тұрмай тексерген сот-сараптама небір сұмдықтың бетін ашыпты. Сөйтсе, 40 бас сиырға қызыққандар ағайындылардың аяқ-қолын арқанмен байлап, айдалаға апарып атып өлтірген.

«Әрқайсысын жеке -жеке, екеуінің басынан атқан, біреуін кеуде бөлігіне атқан. Күдіктілер ұсталды. Біреуінің аты – Талғат, екіншісінің аты – Оңалбаев Мұрат деген жігіт. Таудың ішіне апарған. Сол жақта шлагбаум бар екен. Сол шлагбаумда тоқтап, бірінші Мұқиятты өлтірген, одан кейін Жарқынды өлтірген, одан кейін Қаділбекті де байлап, сол байлаған күйінде атқан», – дейді марқұмдардың ағасы Еркін Бейсеке.

Ал жылмысқы ойын іске асырған соң, мәйіттерді елді-мекеннен жырақтау жердегі ескі қораның ішіне жасырыпты. Ал қандықол қарақшылардың түбіне сол ұрлық мал жеткен. Алматы облысындағы Сұраншы батыр ауылында қараусыз жайылып жүрген қаптаған сиырды бірден байқаған жұрт күдіктілерді ұстап берген. Қазір ұрылар екеу болдық дегенмен, марқұмдардың туыстары бостандықта әлі сыбайластарының барына сенімді.

«Бірінші малын түсіріп алған, сосын атып өлтірген. Одан көмген.  Айуандықпен  қинаған. Сосын өлікті малдың қиымен көміп кеткен. Бұл қылмысты бірнеше адам жасаған деп ойлаймын. Ұлдарым  2-3 адамның қолынан өлмес еді. Үшеуі де қарулы мықты жігіттер еді….», – дейді марқұмдардың әкесі Тұрсын Әмірбайұлы.

Малымен қоса жоғалып, артынша өлігі табылған үш бірдей ағайынның өлімі қоғамда үлкен шу тудырып отыр. Олардың айдалада айуандықпен өлтірілгенін естіген жұрт арқаны кеңге салған аудандық ішкі істер бөлімшесінің алдында наразылық шарасын ұйымдастырған болатын.

«300-400 адам көтерілгеннен кейін барып 2-ақ адамды ұстап отыр. Ол 2-3 адамның қолынан келмейді. Біздің Қаділбекіміз бауырымыз өзі төрт адамға шамасы жететін жігіт. Қалай байласа да!» – дейді марқұмдардың ағасы Әутен Әбілмәжитұлы.

Бір апта бойы көң арасында жатып қалған мәйіттер бұзыла бастаған. Оларды айқай-шумен әрең дегенде таптыртқан туыстары жер қойнына тапсыру үшін дереу ауылдарына алып кетті.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев
  • Анонимно says:

    Маскара гой, катан жазалау керек

  • Анонимно says:

    Осындай айуандарды неге халықтың алдына шығарып атып тастамайды Неше турли сұмдықты естіп,қорқа бастадық қой .Оларға өлім жазасын беру керек.Алладан қорықпағаннан қорық деуші еді ,бұндай қанішерлер тірі жүре берсе әлі талай адамды қойша өлтірер,сондықтан оларды солай кинап өлтіру керек…

  • Анонимно says:

    кан ишерлерди олим жазасына кесу керек

  • Анонимно says:

    Аке шешесине оте киын болдау

  • Анонимно says:

    Алла какарына алсын ағындарды ит деуге де қимайсың өйткені кейбір иттер мынадай адам кейпиндеги азғындардан акылдырак

  • Анонимно says:

    ажалго…калай айткандада…иманды болсын…Аллахтын калауына адам карсы тура алмайдыго… …Биздер емес ондайларды Алла ози жазалар……..

  • Анонимно says:

    Ол адамдарды ату жазасына беру керек.Меним инимдиде солаи кинап олтирген еди 4 бала косылып казир таирандап бостандыкта жур

    • Анонимно says:

      Арты қайырлы болсын Өлтірген адамдардың жазасын Алла берсін 2есе қылып

  • Қазақ says:

    Е, Алла. Біздің дұғамыз, халықтың дұғасы осындай: сол қаныпезерлер Ақыреттетте жауап беретіні хақ, тек біздің арманымыз- солардың қиналған шарасыз кейпін көрсек екен. Жазасын берші Жаратушым. Қаным бойыма сыймай барады. Шіркін, қанышерлердің де солай қиналғанын көрсек қой Алаш болып. Тас атып өлтірсек қой. Қинасақ қой. Көзімнен жас шықты. Мұсылман мұсылманды, оның ішінде қазақ қазақты қалай өлтіреді. Бұл түсіміз болса екен Раббым

    • Анонимно says:

      Аллах жазаларын берсин хайуандардын. Артында калган урпактары аман болсын. Арты кайырлы болсын. Ал ана азгындар ит олимимен олсин . Хайуандар .

    • Анонимно says:

      Иа тас атып олтирсек кой ширкин.Алла солардын елдин алдында кинаалганын коруге насип етсин.Амин.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар