Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлсем өліп қаламын дедім: Илья Ильин медальдарынан айырылғаннан кейін ішімдікке салынғанын мойындады

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин бірнеше жыл допинг дауына қалып, спорттан шеттетіліп, медальдарынан айырылған еді. Осындай ауыр кезде спортшы ішімдікке салынған. Оны өзі де жасырмайды.

Илья Ильин

Сурет: REUTERS

Бұл туралы Ильин Youtube-тегі Sports True арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

«Ішімдікті жақсы іштім. Ішімдік арқылы қиын жағдайдан шығудың шешімін таптым деп айта алмаймын. Алайда бұл өмір сүруіме кедергі келтірді. Көп іштім. Мұның бәрін көру ата-анама оңай соқпады», – дейді спортшы.

Өз сөзіншде Ильин өзінен медальдарын тартып алған кезде «өлсем өліп қалармын» деп ойлағанын жасырмады.

«Менің медальдарымды тартып алатыны туралы хабарланғанда, бәрі шегіне жеткендей болды. Отасымда да түсініспеушіліктер болды. 3 күн бойы қонақ үйде жатып, ішімдік іштім. Ешкімді көргім де, естігім де келген жоқ. Өлсем өліп қаламын дедім», – дейді ауыр атлет.

Біраз уақыттан кейін спортшы Израильде екі ай тұрып, осы уақыт ішінде өзіне келіп, қайтадан жаттығу жасай бастаған.

«Өзіммен өзім болдым. Бұл менің қажылығым іспетті еді», – дейді Илья Ильин.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау