Өліп қалған анасының қасынан кетпей қойған піл баласы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Үндістанда піл өліп қалған анасының жанынан бірнеше сағат бойы кетпей тұрды. Ақырында құтқарушылар жануар баласын күштеп алып кетуге мәжбүр болған.

Өліп қалған анасының қасынан кетпей қойған піл баласы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға елдің солтүстігінде орналасқан Раджаджи саябағында орын алған. Орманшылар піл баласын оның анасының жанынан тапқан. Жануар анасын шақырып, оны итеріп, тіпті оның назарын аудару мақсатында үстіне отырып алған.

Ұлттық парк қызметкерлерінің болжамынша, 40 жастағы піл төбеден құлап, ағашқа соғылып, мойнын сындырып алған.

Саябақ директоры Раджаджи Санатае Сонкар (Sanatan Sonkar) пілді алып кету оңайға соқпағанын атап өтті.

«Ол кетуден бас тартты. Басқа пілдердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болдық», — деп түсіндірді ол.

Ақырында орманшылар ертіп келген екі піл – Рангили мен Радха жануар баласын алып кеткен, ал саябақ қызметкерлері оны жүк көлігіне тиеген.

Бұдан кейін жануарды арнайы пілдер лагеріне жеткізген. Қызметкерлердің айтуынша, құтқарып қалған пілдердің бірі оны асырап алған. Бала жаңа анасына үйренісіп те қалған көрінеді.

Тағы оқыңыз: 

Ұшақта тұрып тұратын орындар пайда болады

Жердің жанынан қаланы жойып жіберетін күші бар үлкен астероид ұшып өтті

7 миллиард ішінде жалғыз: 8 жасар бала дәрінің көмегінсіз ракты соңғы сатысында жеңіп келеді

Кофенің жүрекке пайдалы екені анықталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар