Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өліп қалатын шығармын: Тоқтар Серіков қызды болудан қорқып жүр

Жақында төртінші мәрте әке атануға дайындалып жүрген Тоқтар Серіков қуанышты жаңалығын сайтымыздың тілшісіне жеткізген еді. Әнші жұбайы Бейбіттің ай-күні жетіп қалғанын қуана хабарлап, дүниеге ұл не қыз келетінін білмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Өліп қалатын шығармын: Тоқтар Серіков қызды болудан қорқып жүр

“Алматы” арнасына берген сұхбатында Серіков қызды болудан қорқып жүргенін айтты.

“Әйелім мені қыз табайын деп жатырмын, деп қорқытып қояды”, – деп ағынан жарылған Тоқтар мұның себебін түсіндірді.

“Өліп қалатын шығармын. Менің жүрегім нашар. Қызды мен жек көрмеймін, өте жақсы көремін. Бірақ достарым бар, қыздарын жылап шығарып салып тұрғанын көргенде шыдай алмаймын.

Тағдыр ғой. Мен өз қарындастарым тұрмысқа шыққан кезде білдірмеуге тырысамын, бірақ жүрегім жарылып жатады. Ал енді қызым кететін болса, құрыдым дей бер”, – дейді Серіков.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау