Олимпиада ойындарында стриптиз ұйымдастырған моңғол бапкерлері спорттан кетті
Моңғол бапкерлері Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында өз палуанының жеңілгеніне наразылық білдіріп, боз кілем үстінде шешінгендері үшін 2019 жылдың тамызына дейін халықаралық жарыстардан шеттетілді.

Оқиға 64 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өзбек Ихтиёр Наврузов пен моңғол Мандахнаран Ганзориг үшінші орын үшін таласқанда орын алды. Жекпе-жекте моңғол палуаны жеңіске жақын болған, алайда соңына қарай төрешілер белдесуден қашқақтағаны үшін айып ұпай беріп, ол ұтылып қалды. Төрешілердің бұл шешімі моңғол бапкерлерінің наразылығын тудырды. Олар ашуға булығып, боз кілемге шығып, сол жерде шешіне бастаған.
Бапкерлердің шеттетілгенінен бөлек, Моңғолияның күрес Федерациясына шамамен $ 50 мың айыппұл салынды, деп жазды championat.com.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"