Олимпиада чемпионы сотта «Ағайынды төртеудің» жетекшісін қорғап сөйледі

«Төрт ағайындының» ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Грек-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, жаттықтырушы Юрий Мельниченко сот отырысына Астанадан келді. Ол сотта Еркін Ізбасарды қорғап сөйледі.

Олимпиада чемпионы сотта «Ағайынды төртеудің» жетекшісін қорғап сөйледі

Бұл туралы «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мен Еркін Ізбасармен Кеңес одағының грек-рим күресі бойынша құрамасының құрамында жүргенде таныстым. Ол жаттығуға үнемі келіп, өзін жанкүйер және спортқа бей-жай қарай алмайтын адам ретінде көрсетті. Ең жарқын жарыс ретінде Гуанчжоуда өткен Азия ойындарын айтуға болады. Еркін ол жерге жанкүйерлер тобымен келіп, біздің спортшыларды қолдап, кеңесіп, үлкен спорттың қыр-сырына қанық болды. Еркін Ақтөбе облысы, Махачкала, Красноярскіде өткен спорттық шараларға қаржылай қолдау көрсетті. Ол өз пайдасын әкелді. 2015 жылдан бері Ақтөбе облысының балуандары спортта жоғары көрсеткіштер көрсете бастады», – дейді Олимпиада чемпионы.

Мельниченконың сөзінше, Еркін Ізбасар елімізде еркін күрестің дамуына қолдауын аямаған. Сонымен қатар еркін күрес бойынша бас жаттықтырушы Тимур  Гадисовтан да жауап алынды. Бұл спортшының елімізге Махачкаладан алғаш келуі емес.

«10 күн бұрын мені процеске жібермеді. Мен Еркінмен бірінші рет әлем біріншілігінде ме, әлде Еуропа біріншілігінде, осы екеуінің бірінде кездестім. Мен кілемнің шетінен арбаға таңылған адамды көрдім. Маған оның Қазақстаннан келген спортшылардың жерлесі екенін, оларды қолдау үшін келгенін айтты. Оның еркін күрестің нағыз жанкүйері екенін түсіндім. Оның Дағыстанда достары көп. Біз Дағыстанда өткен халықаралық жарыста тағы кездестік. Оның жерлестерін қолдау үшін соншама қашықтықтан келгені көпшілікті таңдандырды. Бұл – ерлік. Мен ол үшін қайда болса да баруға дайынмын. Камчаткаға да, Америкаға да. Тіпті, велосипедпен немесе жаяу бара аламын. Республикамызда бұл адамның абырой-беделі өте жоғары. Соңғы бірнеше жылда Еркін Ақтөбе облысының күрес жөніндегі федерациясының вице-президенті болды. Спортшылардың жол жүруін қаржыландырып отырды», – дейді Тимур  Гадисов.

Ал сотталушының жағымсыз қасиеттері туралы сұралғанда, Тимур Гадисов оны байқамағанын айтты.

Сонымен қатар, сотта жауап алынғандар спортшы Нұрислам Санаевты еске салды. Еркін Ізбасардың арқасында, спортшыға Ақтөбеде жайлы жағдай жасалған еді.

Айта кетсек, үш апта бұрын Нұрислам Санаев Азия чемпионы атанды.

Оқи отырыңыз:

Канело, кетші әрі: Головкин кешірім сұраған Альвареске қатысты пікір білдірді (видео)

Головкин чемпиондық белбеуінен айырылып қалуы мүмкін

Қуан, қазақ: Баландин Испания біріншілігінде үшінші алтынға қол жеткізді

Головкиннің 5-мамырда Лас-Вегаста өтілуі тиіс жекпе-жегі ресми түрде күшін жойды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар