Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз
«Өлі» нәрестеге мәйітханада жан бітті
Иранда өлі деп есептелінген алты айлық сәбиге мәйітханада жан бітті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Таңғаларлық жағдай Иранның батысындағы Урмия қаласында болды. Жерлеу агенттігінің басшысы Әмір Аббас Әбединнің айтуынша, нәресте шомылуға және жерлеуге дайындық кезінде тіршілік белгілерін көрсеткен.
Мәйітханадағы баланың тірілгенін көрген Әбедин дәрігерлер оның қайтыс болғанына сенімді болғанын айтты. Бұл жағдайға тек мәйітханадағылар ғана емес, сәбидің ата-анасы таңданып, жағаларын ұстады.
Десе де, өлді деген сәбиінің тірілгенін естіген отбасы тағдырдың таңғажайып сыйына үлкен алғыс айтты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"