Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ольга Рыпакова “Гауһар лига” сайысында алтын жүлде алды

Қазақстандық жеңіл атлет, олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Бирмингемде өткен “Гауһар лига” сайысында алтын жүлде иеленді.

fbdvf

Сурет matritca.kz

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Ольга Рыпакова үш аттап секіру сынында басты қарсыластары колумбиялық Катерине Ибаргуэн мен украиналық Ольга Саладуханы артқа тастады. Қазақстандық спортшы 14.61 метрге ал, колумбиялық 14.56 метрге секірді. Қола еншілеген Саладуха болса 14.40 метрді ғана бағындыра алды.

Рыпакованың бұл жетістігі осы маусымдағы оның үздік көрсеткіші екенін айта кету керек. Еске сала кетсек, Ольга Римде өткен “Гауһар лиганың” бесінші кезеңінде екінші орын алып, Ибаргуенге ғана жол берген еді.

Жеңіл атлет алдағы Рио олимпиадасында да ел намысын қорғайды.

Талқылау