Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Өлер алдында мойындады: Туған қызы әкесінен жүкті болып, 3 бала тапқан
Ұлыбританияда әйел 81 жастағы туған әкесінен 3 рет жүкті болып, бала тапқан. Ол өлер алдында әкесінің өзіне жасаған азғын әрекеттері туралы күйеуіне айтып кеткен. Өз кезегінде күйеуі ДНҚ сараптама жасатып, нәтижесін полицияға хабаралапты. Нәтижесінде азғын қайын атасы 4 жылға сотталды.

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қайтыс болған әйел Ашраф Ханның 4 баласының бірі болған. Ол Пәкістан жерінде дүниеге келіпті. Әйел тұрмысқа шығар алдында әкесімен бірге Брэдфорд қаласына көшіп келіп, 3 баласын дүниеге әкелген.
1980 жылдардың басында әйел бір жігітпен танысып, тұрмысқа шыққан. Ол осыдан 25 жыл бұрын өлер алдында күйеуіне сұмдық жайтты айтып беріпті. Алайда ер адам бірден полицияға шағымданбапты. Ол балалардың психикасын зақымдап алмауды ойлап, оларды өз баласында тәрбиелеп, жеткізген.
Дәрігерлер балаларды тексерген кезде, олардан қан араласуынан туындайтын түрлі ауруды анықтады. Сонымен қатар олар атасының өздеріне үнемі ұрысатынын айтқан. Өз кезегінде бұл жайт та балалардың психикасы мен денсаулығына теріс әсер еткен.
«Бізбен бірге болған жалғыз адам – туыс болмаса да, бізді өз баласындай тәрбиелеген өгей әкеміз. Біз оның бұл жақсылығын ешқашан өтей алмаймыз… Барлығы әке бола алады, алайда ол сияқты тамаша әке бола алатындар аз», – дейді балаларының бірі.
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады