"Олар мені төмендеткісі келді": "Дос-Мұқасан" тобының әншісі әуежайдағы жанжалды түсіндіріп берді
"Дос-Мұқасан" тобының әншісі Мұрат Құсайыновтың басы дауға қалды. Ол әуежай қызметкерін ұрды деп айыптады. Бұл оқиғаны әншінің өзі түсіндіріп берді, деп жазады Тengrinews.kz-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.![]()

Фото: Ақ Жайық
Әншінің айтуынша, ол әуежай қызметкерімен қатаң сөйлескен. Алайда ешкімге қол көтермепті. Қызметкер оның аяқ киімі мен белдігін шешуін сұраған. Әнші өзін рейске өткізбегені үшін ашуланғанын айтады.
"Олар бейәдеп түрде менен аяқ киімімді, белдігімді шешуді талап етті. Мен сканермен тексеруді сұрадым. Бірақ олар мені әдейі төмендеткісі келді. Солай істеді де. Мен шешпейтінімді айттым", - дейді әйгілі әнші.
Осы оқиғадан соң әуекомпаниясы полиция бөлімшесіне арыз түсірген.
"Олар осылайша бар кінәні маған жапқысы келеді", - дейді әртіс.
Әнші әуекомпаниясын да, "Эйр Астана" атына өзі де арыз жазатынын жеткізді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"