Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Олар адам емес, мал»: Алматыда алаяқ әйелдер 91 жастағы ардагерді тонап кеткен

Алматыда екі сыған әйел 91 жастағы ардагерді тонап кеткен. Қарияның айтуынша, олар өздерін әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырып, үйге кіргізуін сұрапты. Біреуі қарияны әңгімеге тартып, алдарқатып тұрғанда, екіншісі 2 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап үлгеріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

91 жастағы Василий Кокаревтің пәтерінен 2 миллион теңгеге жуық ақша ұрланған. Ақшаның бір бөлігін балалары демалу үшін жинаса, қалғанына мерекелік дастархан жаймақ болыпты. Қария әйелдерден күдіктенсе де, оларды пәтерге өзі кіргізгенін айтады. 

«Домофон арқылы қайдан келгенін айту керек еді. Басында аздап күмәндандым. Дәретханаға кіріп кетіп, ұзақ уақыт шықпады. Алаңдай бастадым. Сол кезде екінші әйел әңгімені аяқтауға асықты. Екеуіміз әңгімелесіп кеткен едік. Мен адамдарға сенемін. Олар адам деп ойладым. Бұл қорлау ғой. Олар адам емес, мал», - дейді Василий Кокарев.

Зейнеткердің сөзінше, әйелдер «әкімдік қызметкерлеріміз» деп танысыпты. Қарияның аты-жөні ардагерлер тізімінде бар-жоғын тексеру үшін келгенін айтып, құжатын сұраған. Олардың бірі зейнеткерді әңгімеге тартып, алдаусыратқанда, екіншісі дәретханаға кіріп-шығатынын айтқан. Алайда ол ұзақ уақыт күттіргендіктен, қария күдіктене бастапты. 

«Жанымдағы әйел әңгімеге тарта бастады. «Сізге әлеуметтік қызметкерлер келе ме, қандай да бір көмек, дәрілер қажет пе?» - деп сұрады. Ал мен өзім жүріп-тұра алатындықтан, ешқандай көмектің керек еместігін айттым. Сөйтсем, ол менің ойымды бөліп, әңгімемен алдап отырыпты. Он минуттай уақыт өтті. Екінші әйелдің ұзап кеткенін сезіп, орнымнан тұрсам, ол дәлізде кетуге дайын тұр екен», - дейді ардагер.

Кокаревтің отбасы тоналғанын ертесі күні бір-ақ білген. Алаяқтар подъездегі бақылау камерасына түсіп қалыпты. Белгілі болғандай, олар тек ақшаны ғана емес, құжаттарды да ұрлап кеткен. 

«Мен қандай құжаттар екенін көруге барғанымда, үйден бірдеңенің жоғалғанын түсіндім. Келіп қарасам, ақша орнында жоқ. Құзырлы орындарға хабарласып, арыз жаздық. Маған олардың біз туралы алдын-ала қайдан білгендеріне таңым бар. Ол ақшаға мерекеде үлкен дастархан жайып, қалғанына саяхатқа шықпақ болғанмын», - дейді Кокаревтің қызы Ольга Соловьева.

Полиция алаяқтардың тұлғасын анықтады. Анықталғандай, олар Алматы облысының тұрғындары екен. Екеуі де сыған. Тіпті, бұған дейін бірнеше рет сотты болыпты.

«Екі сезікті әйелдің аты-жөні мен тұлғалары анықталды. Олар бұрын соңды сотталған. Сыған нәсілді екі азаматша. Бірер күннің ішінде қылмысы ашылады деген болжамымыз бар. Және әділеттікті орнату мақсатында Ұлы отан соғысы ардагерінің бүкіл жымқырған ақшасын қайтарып береміз деген үмітіміз бар. 7 жылдан аса бас бостандығынан айыру көзделіп тұр», - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Қылмыстық полиция қызметкерлері қылмыстық ашумен айналысып жатыр. Әйелдер қомақты көлемде қаржы ұрлағаны үшін 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр