Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ол менің арманым: Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелі және балаларымен қарым-қатынасы туралы жасырмай айтып берді

Осы жылдың маусым айында атышулы Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет заңды түрде некелескен еді. Бүгінде жұлдызды жұптың ортақ некесіндегі Ибраһим атты ұл толыққанды отбасында өсіп келеді. Ал, Дәуреннің алғашқы жанұясымен қазіргі қарым-қатынасы қалай? Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісіне берген сұхбатында балаларына қатысты тың ақпараттармен бөлісті.

Ол менің арманым: Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелі және балаларымен қарым-қатынасы туралы жасырмай айтып берді

«Кездесу жағынан ешқандай кедергілер келіп жатқан жоқ. Жиі кездесіп тұрамыз. Қазір енді жаз мезгілінде одан да көбірек кездесіп тұрамыз деп айтсақ болады. Кейбір күндері 2-3 күн бойы балаларым әке-шешемнің үйінде болады. Біз жалпы әке-шешемнің үйіне Ақбота екеуміз жақын тұрамыз. Сол себепті ара-қатынасымыз да жиі болып тұрады. Балаларымның туған күндерінде қыдырып, кішігірім тойлап, сондай бір қызық жағдайлар болады», – дейді Дәурен.

Десек те, Дәуреннің көңілінде кірбің бар. Айдарқұлов бірінші жұбайынан туған перзенттерінің, екінші отбасындағы ұлы Ибраһиммен тығыз байланыста болғанын қалайды. Бірақ мақсатының орындалуы мүмкін болмай тұр. Актердың алғашқы әйелі қос некеден тараған бауырлардың жүздесуіне қарсылық танытса керек.

«Шынымды айтсам, ол менің арманым. Екі отбасымдағы балаларым бір-бірімен араласса, жақсы қарым-қатынаста болса деген арманым бар. Ақбота  жағынан ешқандай қарсылықтар білдіріп жатқан жоқ. Керісінше ол да менің ойымды қолдайды. Бірақ барлық жақтан ондай қолдаулар болып жатқан жоқ. Сол себепті қазіргі таңда бірінші отбасымдағы балаларым Ибраһиммен араласпайды. Араласуға мүмкіндіктер болмай жатыр», – дейді Айдарқұлов.

Бұл тақырыпқа қатысты Ақботаның да айтары бар. Қаршадайынан қиыншылыққа көп көрген «Кешью» тобының экс-әншісі, Айдарқұловтың ұл-қыздары арасындағы қарым-қатынасқа кедергі келтіруге хақым жоқ деп отыр.

«Негізі мен осы уақытқа дейін аз қиыншылық көрген жоқпын. Ата-анамнан да айырылдым. Көп жағдайлар басымнан өтті. Жалғыз ғана бауырым бар. Өзімді,  бауырымды асырауым керек деп талай жыл бойы жұмыс істедім, оқу оқыдым. Мойындаймын басымнан көп қиыншылықтар өтті. Сонша қиыншылықтардан өтіп, баламмен Дәуреннің балаларын араластырмаймын деген ой жоқ. Болғанда емес. Мен басынан бастап айттым. Егерде балалар болса неге араласпасқа? Мен Дәуреннің балаларын өзімнің балаларыма жау қылғым келмейді. Немесе менің балаларымды оның балаларына жау қылғым келмейді. Сондықтан да сонша қиыншылықтардың ішінде бұл жай ғана оп-оңай нәрсе деп ойлаймын. Араластыра салу. Енді әркім өзі шешеді. Әркімнің өзінің сана-сезіміне қарай. Мен жаман әйел болғым келмейді. Өзім оңтүстіктен болғандықтан мен көбісіне көнбіспін. Тез ашуланғанмен көне саламын, кешіре саламын. Дәурен өзі біледі. Әкесі бір болғандықтан, қаны бір болғандықтан менің парызым сияқты. Дәурен не айтады сол болады ғой», – дейді Ақбота.

Айта кетейік, Дәуреннің бірінші некесінен қос бұрымды мен бір атұстары дүниеге келсе, екінші шаңырағында бір ұл өсіп келеді.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау