Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған сәбиді пластикалық пакетке салып, қоршауға іліп кеткен. Дәрігерлер оны құтқара алды

Оқушы қыз босанып, сәбиін қоқысқа арналған пакетке салып, тастап кеткен. Жаңа туған сәбиді қоқыс тазалайтын қызметкер тауып алған. Ол пакетті жүк көлігіне тастамақ болған кезде нәрестенің даусын естіген.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүкіл әлемге тараған мына кадрлар Филиппины елінің Лапу-Лапу қаласында түсірілген. Қуанышқа орай, сәби дін аман, қазір денсаулығы да бірқалыпты екен.

Оқушы қыз босанып, сәбиін қоқысқа тастап кеткен

Сәбиден бөлек, сөмкеден мектеп формасы мен қанға боялған шалбар шыққан. Мұндай мектеп формасын мемлекеттік мектептің 7-10 сынып оқушылары киеді. Яғни, баланы 12-16 жас шамасындағы анасы тастап кеткен.

“Баланың өлі не тірі екенін білмедік. Қайта сәбидің жолы болып, оны қоқыс тазалаушы байқап қалды. Енді оған қамқор болатын жандар табылады деп үміттенеміз. Бірақ оның анасын да аяймын. Сөмкеден мектеп формасы шықты, демек ол жасөспірім, оған да көмек керек”, – дейді оқиға куәгерлерінің бірі.

Оқушы қыз босанып, сәбиін қоқысқа тастап кеткен
Ер балаға әлі есім қойылмаған. Алайда баланың тағдыры жайлы естігендер арасында оған қамқор болғысы келетіндер көп болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау