Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да шаруа: Мақта өсіруде қолданылатын қоспалар адамды өлтіруге дейін апарады

Біздің редакциямызға Оңтүстік Қазақстан облысынан мақтамен айналысатын Елемес Сабыров есімді азамат келіп, мынадай мәселе көтерді – пестицидтерден халық зардап шегіп отыр.

Қораларындағы мал да. Биотыңайтқыштарды көбейтуге мән беріп жатқан ешкім жоқ. Елемес ақсақал сауатты кісі екен, Еуро Одақтың улы химикаттардан бас тартқанын біледі, деп хабарлайы Астана арнасы.

Ол кісі сауатты ғана емес, принципшіл көрінді. Себебі осыдан бірнеше жыл бұрын босанғалы жүрген келіншек, пестицидтердің кесірінен «өліп кетем бе» деп қорқатынын ауыл ақсақалына айтқан екен. Бекер қорықпаған, сол келіншек бала үстінде көз жұмған, нәрестесі де шетініп кеткен. Содан Елемес Сабыров дәрігерлерден барып сұрайды, -ау, неге?- деп. Дәрігерлер әйелдің қанын тоқтату мүмкін болмағанын, қанының Елемес ақсақалдың сөзімен келтірсек, зәһарланғанын айтқан. Біздің тілшілеріміз сала мамандарынан комментарий алғанда, пестицидтердің адам денсаулығына залалы зор екенін, тіпті генге әсер ететінін мойындаған.

Пестицидтің пәлесі. Мақтадан басталған материал жалпы ауыл шаруашылығындағы біраз былықтың «буын» бұрқыратты. Жұрт химикаттардан уланып жатыр. Осылай деп сонау Мақтаралдан Астанаға Елемес Сабыров ақсақал ат арбалап жеткен. Министр емес, әкім де емес, бірақ халыққа солардан жақын сияқты.

Елемес Сабыров, ОҚО шаруасы: Пестицид деген аты құрсын. Мен газетті көп көремін, 2009 жылы Еуроодақта кімде кім пестицидті пайдаланса, оны Еуроодақ қабылдамайды. Себебі ол адам өміріне зиян. Елемес ақсақалдың пестицидпен “соғысқанына” 10 жылдан асқан. Пестицидпен дәріленген шаруашылықта жүріп, жүкті әйелдің босана алмай, бақилық болып кеткеніне куә болған. Химикаттардан келіншектің қаны уланған.

Елемес Сабыров, ОҚО шаруасы: Мақтаның басында жатсам бір келін келді. Менің аяғым ауыр, мен қорқып жүрмін деді. 3 айдан кейін жаңағы келін больницаға барып өз аяғымен, өзі де кетті, бала да кетті. Неге бұлай болды? Әйел адам босанғанда қан кетеді екен табиғи, оны тоқтату үшін бізде укол бар. Ал бұл тоқтамайды. Неге тоқтамайды? Бұның қаны заһарланған деді. Пестицидтердің зиян екенін шенеуніктер де біліп отыр. Бірақ олардан біржола бас тарта алмаймыз, дейді. Биотәсілді шаруалардың бәрі бірдей падаланбағасын пайда жоқ көрінеді.

Сейітжан Әзбергенов, ОҚО АШБ егін шаруашылығын дамыту және механикаландыру бөлімінің бас маманы:  Он шаруа болса бір егістікте оның біреуі биотәсілді пайдаланады, қалғаны пайдаланбайды. Сол себепті химиялық тәсілді ендіруге тура келіп тұр, облысымызда. Ауыл шаруашылығы министрлігі де шарулар тиісті жұмыстарды жасамай отыр, деп есептейді. Тиісті жұмыс дегені –  ауыспалы егістікті қолға алу, мелиорацияның сапасын арттыру, өсімдікті қорғаудағы агротехнологиялық тәсілдерді дұрыс жолға қою.

Қуаныш Сейтқазин,  ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының бас сарапшысы: Елемес Сабыров ағамыз дұрыс айтып ұсыныс жасап жүр. Зиян тигізудің экономикалық шегінен төмендеген кезде біз биометодтарды қолдана аламыз. Осылайша пестицитерден бас тартуға болады. -Яғни шаруалар тиісті жұмысты атқармай отыр?- Иә, тиісті жұмысты атқару керек оларға. Шаруалардың өздеріне арта салу бір әңгіме. Ол туралы сәл кейін. Ал пестицидтердің тамырымызға балта шауып отырғаны рас. Бұл дегенің ұлттық қауіпсіздік. Осылай дейді, саланы зерттеп отырған маман Абай Сағитов.

Абай Сағитов, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бас директоры: Ядохимикаттардан біз қазір қаншама зұлымдық көріп жатырмыз. Ол адамның геніне, тегіне әсер етіп жатыр. Қаншама көзсіз туып жатыр, екі басты, тілі жоқ туып жатыр ғой қаншама адам. Сөйтсек мәселе мақтада ғана емес екен. Дәнді дақылдарымыздың, жалпы елдегі егістіктің 98 пайызы улы химикаттармен дәріленіп жатқан көрінеді. Ал биотәсіл  2-ақ пайыз қолданылады. Абай Сағитов келтірген сандар, бұл. Әлемде қазір «органикфуд» деген тенденция шықты – жұрт таза тағам жегісі келеді. Маманның айтуынша, Қытайдың өзі былтыр 70 пайыз органикалық тағамға шыққан. Химиялық зауыттарын жапқан.

Абай Сағитов, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бас директоры: 40 пайыз болу керек биотәсілдер, 40 пайыз болу керек. 2 пайыз емес. Жылдан жылға көбейтіп 60-70 пайызға дейін жеткізуіміз керек. Биотәсілді қолдануға не кедергі десек, кедергісі көп екен. Біріншіден, біздің заңдарымыз жаңа технологияларға ілесе алмай отыр. Екіншіден, пестицидтер арзан, биотәсіл қымбат. Кез келген шаруаның шамасы жетпейді.

Абай Сағитов, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бас директоры: Олар аздап улы химикаттарға қарағанда қымбаттау. Шетелде Үкімет дотация беріп жатыр, таза тағам шығарып жатқан товар өндірушілерге жеңілдіктер  істеп жатыр. Улы химикат 5 доллар тұрса, биопрепараттар 7,8,10,12 доллар. Шетел биотәсілді қолданған шаруаларды дотациямен демеп жатса, біздің үкімет конрабандаға жол беріп, қарап отыр. Биөтәсілді қалтасы көтермегендер көрші өзбектерді заңсыз жағалап, амалдап жүр.   Елемес Сабыров, ОҚО шаруасы: Мен Өзбекстаннан контрабанда жолмен трихограмма, алтын көз, прахонды әкелем. Пестицидтен пайда жоқ. Ана құрттар да залым болып алған. Тұмсығымен көсекке кіреді де, к…мен жоғары қарап бір апта жатады тыныш, бір аптадан кейін қайтадан жей бастайды. Мемлекеттік субсидияның қажет екеніне бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, қазіргі ректор Ақылбек Күрішбаев та келіседі. Саланың тізгінін ол ұстап тұрған кезде шешілмеген субсидия, әлі жоқ.  Ақылбек Күрішбаев, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы:  Соңғы жылдары өнімділігі азайып қалды. Өйткені тиісті деңгейде мақтаға біз тыңайтқыш бермейміз. Тыңайтқыш қымбат. Оған субсидия дұрыстап бермейтін болса, оны ешкім пайдаланбайды. Егер тыңайтқыш беретін болса, 5-10 центнерге көбейді, мөлшері. Оның көбейту үшін тыңайтқыш бағасы төмен болу керек. Сондықтан міндетті түрде мақтаның тыңайтқышына субсидия беру керек. Субсидия мүлдем берілмей жатыр дей алмаймыз. Бірақ аз болғаны ғой.  Сейтжан Әзбергенов, ОҚО АШБ егін шаруашылығын дамыту және механикаландыру бөлімінің бас маманы:  Биыл 363 млн, былтыр 354 млн субсидия берілген гербицид пен биотәсілді пайдаланғанына. Био фабрикаларды көбейту керек. Өзбекстанда 1000 биофабрика болса, бізде не бары 18 ғана дейді, ғалым Абай Сағитов. Өзі Еуропалық аккредитациямен биофабрика ашып қойған. Зиянды құрттарды жейтін көбелектер мен қоңыздарды өсіреді.

Айжан Чардинова, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының зертхана жетекшісі: Міне біздің падизус деген биоагенттеріміз. көрсеңіздер. Бұлады біз колорад қоңызына қарсы Оңтүстік Америкалық көбелегіне қарсы жіберіп, биологиялық таза өнім алуға болады.

Абай Сағитов, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бас директоры: Біздің Үкімет соны алып сатып алу керек. Біздің шаруа қожалықтарға алып соған дотация беруге болады. Улы химикаттарды көптеп шашқандықтан біздің мақтаның нашарлығы сондай, көрпе-төсектен аспайды, деп салды маман. Абай Сағитов, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бас директоры: Өзбекстанда ол жерде тонковолокнистый дейді. Ұзын 32-36 см-ге дейін барады. Оның сапасы жақсы. Ал бізде, Қазақстанда оның сапасы өте төмен.  Біздің мақта тек қана матрасқа жарайды. Ол өтпей де жатыр. Бізде лицензия да жоқ. Біз лицензияны Өзбекстан арқылы сатамыз оның барлығын. Өйтені өзіміздің жөнді сортымыз да жоқ. Ал улы мақтадан адам ғана емес, мал да зардап шегіп жатқанын айтады, Елемес ақсақал.

Елемес Сабыров, ОҚО шаруасы: Малды біз мақтаның шитімен асыраймыз. Пестицидті жеген ол мақтаның шитімен сиырға барады, ол уланады. Мақтаның шитінен май жасайды. Оны қанша адамға беріп жатыр, олар улы.

Сөйтіп, Мақтаралдың мақтасындағы пестицидтен шыққан дау қазақтың дастарқанына келіп бірақ тіреледі. Өйткені күнделікті жеп отырған тағамымда улы химикаттар жоқ деп біздің жағдайда көріпкелдер де айта алмайтын шығар. Таза өнім жеп отырғанымызға ешкім кепілдік бере алмайды. Сақтай гөр деп, Үкіметтен емес, Алладан ғана сұрай аламыз. Бірақ бәрі адамның, дәлірегі үкіметтің қолында екенін арқырап Астанаға келіп кеткен Елемес ақсақал біледі.

Талқылау