Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО тұрғыны саңырауқұлақ қосылған тамақтан қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысында саңырауқұлақ жеп қайтыс болған адам өлімі тіркелді.Соған байланысты тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары барлық тұрғындарды саңырауқұлақтың пісетіне уақытында сақтықпен пайдалануды ескертті.

6017286

Сурет: www.domashniy.ru 

Бұ туралы otyrar.kz хабарлайды.

Сайрам ауданының тұрғыны өзі саңырауқұлақ өсіріп, келген қонақтарына да сүйікті көкөнісінен тағам дайындап беріп келген. Алайда, 53 жастағы әйел саңырауқұлақ қосып пісірілген кешкі астан соң қайтыс болды.

Жыл басынан бері бұған ұқсас 11 оқиға тіркеліп, оның 3-уінде адам өлімі болған.

Облыс орталығында саңырауқұлақтардың келісі 100 теңге мен 500 теңге арасында сатылады. Олардың бағасы қай жақтан әкелінгеніне байланысты . ең қымбат саңырауқұлақтар Сарыағаш ауданынынан жеткізіледі.

Мамандар саңырауқұлақтың пісіп жетілетін маусымында оны аса сақтықпен дұрыс пайдалануға кеңес береді. Былтығы жылы 14 адам саңырауқұлақтан уланған. Бірақ, олардың ішінде адам өлімі болған жоқ. Улы саңырауқұлақтарды жеуге жарамды саңырауқұлақтардан ажырату қиын. Сондықтан мамандар тұрғындардан сатушылардың  зертханадан өткен анықтама қағазын талап етуі керектігін айтады. Уланудың белгілері байқалған жағдайда өз бетіңше ем қабылдамай, тез арада дәрігерге қаралу керек.

Талқылау