Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Бас прокурор істі тергеуді тапсырды

Бас прокурор  арнайы прокурорға Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды деген балаға қатысты істі  сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз өндірісіне алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Хабарлмада, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын сақтау және орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті шара қабылданып жатырғаны жазылған.

Процестің барлық қатысушысының өтінішхаттары негізінде кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылады.

Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында болады.

“Істің фигуранты жас бала болғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құпия ұстауға қатысты құқықтарын сақтау қажеттігін ескертеміз”, — делінген хабарламады.

Біреудің жеке өмірі туралы мәліметтерді көпшілік алдында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы жария еткендер Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тағы оқыңыз:

Балиева балалар мен отбасын қорғайтын мемлекеттік орган құруды ұсынды

7 жасар зорланған бала Астанадағы “Ана үйіне” жеткізілмеген болып шықты

Зағипа Балиева: 7 жасар бала әкесімен де, анасымен де бірге тұрмайды

 Мұратхан Тоқмәди сот үкіміне келісетінін айтты

 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр