Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да жоғалған 6 жасар бала саудалану үшін ұрланған болуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстанда жоғалған Мұхаммед Қамшыбеков туралы оқиға жаңа деректермен толықты. Шымкент қаласының тұрғыны оны ұрлаған әйелдің балаларды ұрлайтын қылмыстық топқа қатысы бар екенін айтты.

7

Бұл туралы 31.kz хабарлады.

26 жастағы Айгүл жүзін көрсетпеуді өтінді. Жас ана өзі мен екі жастағы баласына қауіп қатер төніп тұрғанына сенімді. Жанын қоярға жер таппай жүргеніне екі тәулік уақыт болды. Жалғызбасты ана екі бөлмелі пәтірінің біреусін тәулікке жалға береді. Мұнымен қатар, өзі жалдамалы пәтерде тұрады. 20 ақпан күні оған хабарландыру бойынша бір әйел хабарласқан.

“Ол келіп бөлмені көрді де, осы жерде бір апта уақыт тұратынын, ақшаны жүз долларлап төлейтінін айтты. Одан төлқұжатын сұраған едім қазір жоқ екенін және жанында өзімен бірге немересі бар екенін айтты”, – дейді Айгүл.

Айгүлді төленетін ақша қатты қызықтырғанымен, құжат жоқ болғандықтан қорқып бас тартқан. Алайда әйелді таксиге дейін шығарып салған соң оны бір ер адам мен баланың тосып отырғанын айтқан. Мұнымен қатар, ұрлаушының телефондағы әйгімесін естіген.

“Сол күні әжей жеделсатымен төмен түскен кезде біреумен сөйлесті. “Біз бесеуміз, оның үстіне баланың құжаты жоқ. Біз ол жаққа пойызбен қалай барамыз?” деп Айгүл бір істің шикі екенін сезгенін айтты.

Іштей тартынса да, бұл әңгімеге көп мән бермеген. Алайда артынша Айгүлге әлгі таксидегі жолаушы келіп, қоқаң-лоқы көрсеткен.

“Сен бізді көрген жоқсың, егер біреуге тісжаратын болсаң, сенің қызыңды да ұрлаймыз. Қазір де қорқамын. Неге қорқамын? Мүмкін олар қазір де келетін шығар?” – деп осы күнге дейін қатты қорқып жүргенін жасырмады.

Тек келесі күні ғана таксиде отырған баланың кім екені Айгүлдің есіне түсті. Әлеуметтік желілерден Мұхаммед Қамшыбековтың суретін көріп, әйел өзінің клиентінің кім екенін түсінген. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде Айгүл мен баласын күзет тағайындалатыны айтылған. Алайда бұл жүзеге аспады. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстағандарын және Айгүлдің алаңсыз жүре беруіне болатынын хабарлады. Бірақ әйел балалар саудалайтын қылмыстық істің куәгері болғанына, оның барлық мүшесі ұсталмағанына толықтай сенімді.

Талқылау