Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы төбелес жеткіншек 7 жасар қызды зорлады деген сыбыстан соң басталған

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сейфуллин ауылында 15 жастағы жеткіншек 7 жасар қызды зорлады деген сыбыс тараған соң ауыл тұрғындары өре түрегелді.

1450789912_bataie5_enigagauziya_md[1]

Сурет: mvdlnr.ru 

Облыстық ІІД орынбасары Сырым Абдуллаевтың айтуынша, оқиға бақылауға алынған. Бұл іске полицейлерден бөлек ауыл ақсақалдары мен әкімдік өкілдері араласқан.

Ауылда тараған сыбыс бойынша, 15 жастағы жігіт бүлдіршін қызды тасаға апарып зорлаған. Мұны естіген тұрғындар жігіттің туыстарына қарсы шықты. Салдарынан үш тұрғын жарақат алып, ауруханаға түскен.

«Бүлдіршінді ата-анасының көзінше тексеру кезінде оның денесінің жарақаттанбағаны, абыройының орнында екені анықталды. Қазір сот-биологиялық және психологиялық сараптама тағайындалды», – дейді Сырым Абдуллаев.

Қалай дегенмен бұл істің анық-қанығын аудандық ІІБ ішінен құрылған жедел тергеу тобы анықтайтын болады.

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстандағы төбелесті полиция қызметкерлерінің тексеріп жатқанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда жезөкшелер клиентке таласып көшенің ортасында  төбелесті

Ер адам жыртқыш аюға қарсы жалаңаш қолмен төбелескен

Ақтауда әйелдердің төбелесі кадрға ілініп қалған (видео)

Талқылау