Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, 5 адам қаза тапты

ОҚО-да жантүршіктірерлік жол апаты болып, нәтижесінде 5 адам қаза тапты. Тағы бес жолаушы ауыр халде ауруханаға түскен.

20170617110838

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қайғылы оқиға түнгі төрттер шамасында Шымкент-Самара тас жолының Ордабасы ауданы маңында болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Лада» және «Мерседес-220» көліктері бетпе-бет соқтығысып, салдарынан 22 және 27 жастағы екі жүргізуші оқиға орнында көз жұмған. Олар Бәйдібек және Ордабасы аудандарының тұрғындары екен. Сондай-ақ «Лада» көлігінің 27 және 28 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында, тағы 45 жастағы жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырған.

Ал, «Мерседес» көлігінің 1995, 1997 және 1998 жылы туған 5 жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алып, Ордабасы аудандық ауруханасына шұғыл жеткізілді.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жол апатынан көлік тізгініндегі қыз аяғынан айырылды (видео)

Алматы маңында қазақ жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды

Алматы-Бішкек тасжолында екі адам көлігімен бірге жанып кетті (видео)

ОҚО-да зорланған оқушы қызға араша түспеген полицей істі болуда

Талқылау