Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да қайын атасы келінін пышақтап тастады

Оңтүстік Қазақстан облысында қайын атасы келінін пышақтап тастады. Ол келінінің ауыр сөздерін көтере алмаған. Бұл туралы  Otyrar.kz.  хабарлады.

Кикілжіңнің басы сөзге келуден басталған. Үй іргесіне көлік қоюға рұқсат берген атасының сөзіне келіні қарсы шыққан. Жоқ жерден жанжал шығып, қайын атасы келінін жарақаттау мақсатында асхана пышағын алып, келінінің соңынан ереді.

“Асхана пышағын жасырып, балалары қылмысты пиғылын іске асыруға кедергі келтірмесін деп, келінінің соңынан дәретханаға кірген. Сол иығының үстінен пышақпен соққы жасаған. Жаны ұшырған келіні көмекке шақырып, дәретханадан қашып шыққан. Аулада тұрған балалары әкесінің бұл ісін ушықтырмау үшін оған кедергі болған”, — дейді ОҚО прокуратурасының басқарма прокуроры Мырзахмет Сейдахметұлы.

Ол келінін өлтірмек ниетінің болмағанын, пышақтап сабақ беріп, сабасына түсірмекші болғанын айтты.

“Өлтірем дегенім жоқ, сабасына түсіргім келді. Сабақ болсын дедім. Оның боғауыз сөздеріне шыдай алмадым. Мұндай боғауызды ешкімнен естіп көрген емеспін. Келінім бұрын да сотты болған. Өзі есепте тұрады. Өлтіргім келмегенін тағы қайталап айтамын”, — деді сотталушы Дәулетбек Рахманалиев.

Айта кетейік, аталған қылмыс бойынша ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында жалғасып жатыр.

Тағы оқыңыз:

Алматыда әйел адам арзан пәтер тауып беремін деп жұртты алдаған

Алматы облысында 7 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші жазасыз қалды

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған баспана тұрғындары жылусыз отыр

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 21 Желтоқсан, 2017 10:41
Талқылау