Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да емшілері науқастарды жылан, кірпі, тасбақа етінің сорпасымен емдеуде (фото)

Жыланның етін жеп, сорпасын ішіп көрдіңіз бе? Еліміздің ең ыстық өңірі Оңтүстік Қазақстанда бұл күнде бауырымен жорғалаушының саудасы қызып тұр деп жазды «Еуразия» арнасындағы «Басты жаңалықтар» қызметі.

жылан

Оны ұстауға әбден машықтанып алғандар жыланның әрқайсысын кем дегенде 50 мың теңгеден сатуда. Ал, халық емшілері болса сорпа дайындап, дертіне шипа іздегендерді емдеп жүр. Улы жәндіктен жасалған тағам адам денсаулығына зиян емес пе? Ал пайдасы қандай? Өңірдегі тілшіміз Пәрнебек Біләлбек жылан сорпасының дәмін татып келді.

“Мұны аз-аздан ішеді, жатар алдында бір кесе ішеді, ауырып жақан науқастарға күндіз-түні берсе болады”.

Амалбек Серқұлов жыланнан түрлі ас дайындаудың хас шебері. Халық емшісі одан бөлек кірпі мен тасбақа етінен сорпа әзірлейді. “Астың бұл түрі адам ағзасын түгел тазалап, қан алмасуды реттейді. Ұдайы пайдаланған жан қатерлі ісікке шалдықпайды” дейді ол. Сұйық тамақтың бағасы да әртүрлі. Ең бастысы, көп дертке шипа екен.

«Обыр ауруы дейді, онкологиялық ауруға душар болғандар көп ішеді мұны. 1-ші және 2-ші дәрежедегілерге өте пайдасы жақсы. 3-ші және 4-ші дәрежедегі науқастарға сәл өмірін ұзартады, бірақ, пайдасы қиын», -дейді  халық емшісі Амалбек Серқұлов.

жылан2

Жылан етінен тағам дайындау кез-келгеннің қолынан келмейді. Оны тек жөн-жосығын білетін жан ғана әзірлей алады. Амалбек аға алдымен жыланның басын кесіп, сосын ішек-қарнын тазалайды екен. Таза сумен жуып, терісімен бірге қазанға салып қайнатады. Үстінен кірпі еті мен тасбақаны қосады. Екі-үш сағат қайнатқан соң, пайдалануға болады екен.

Біздің бүгінгі түсірілім тобына ерекше ас дайындалды. Амалбек аға кірпі, тасбақа және жылан еті қосылған сорпа әзірледі. Халық емшісінің айтуынша, бұл тағам кез-келген ауру түрпіне таптырмас ем болады. Менің денсаулығым жақсы. Бірақ, сонда да емдік қасиеті үшін сорпаны ішуге бел будым.

«Жан саулығы – тән саулығы» деген қағиданы ұстанған халық емшісінің айтқандарын бұлжытпай орындаушылардың бірі – Қалыбай Пердешов. Ол кезекті емін қабылдауда.

«Жыланның таза сорпасы өте жақсы, тек жиіркенбей ішу керек дейді. Жиіркенетін түгі де жоқ, кәдімгі сорпа ғой. Терлеп -тепшіп отырмыз ғой рахаттанып, мына жерде», -дейді  Шымкент қаласының тұрғыны Қалыбай Пердешев.

Ал, бұл – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шарапхана ауылы. Жылан сатумен аты шаққан елдімекен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұнда «көлбар» жылан өте көп көрінеді. Оны ойын баласы мен кез-келген малшы жазық даладан оп-оңай ұстап алады.

Сөйтіп, жылан сататын адамдарға әкеп табыстайды. Бағалары да әртүрлі. Бес мыңнан елу мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ, мұны жылан сатушылар бейнекамера алдында айтудан қашқақтады. Есесіне, біз оны жасырын камераға жазып алуымызға тура келді.

«Менде бірақ жылан емес қой. Размерімен болады, өзің секілді клиенттер келген кезде алдына қойып қоямын. Былай қарап, маған мынау керек дейді, мынаны сойып, дайындап бер дейді, мен соны сойып, дайындап беремін» ,-дейді  жылан сатушы Мақан.

Жылан сатушы Жанар есімді келіншекпен арна тілшісі камерадан тыс сұхбаттасып көрген еді.

– Біздікі көбінесе, ұзақтан кетеді заказбен. Сондаймен өтіп кетеді біздікі.

-Неше жылғы клиенттері бар Мақанның? Жазылып кетіп жатқан адамдар бар ма?

– Ия, бар ғой. Асқазанға ішіп жатқандар бар.

«Көлбарды» қазақ майжылан деп те атайды. Жер бетіне жазда ғана шығатын оны ұзақ уақыт бір орында сақтауға болады екен. Соңғы уақытта халық арасында оның сорпасына деген  қызығушылық артқан. Көбіне, арнайы тапсырыспен дайындатқызады.

Халық емшісі жылан етін майдалап турауға болатынын айтады. Еттің қылтығы көп болғандықтан, еттартқыштан өткізіп, кептіріп, талқан етіп шығарады екен. Ал, алдына келген науқасты дерттен айықтыру үшін емнің бірнеше түрін пайдаланады. Араға шақтырады, сүлік те салады. Бойдағы артық  қанды хиджама жасау арқылы алып тастайды.

Оқи отырыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемге ортақ криптовалюта енгізуді ұсынды

Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы қымбаттап кетті

Казкоммерцбанкті сату туралы келісімге қол қойылды

Арзан ипотека: Аз төлеп, баспана алу үшін не істеу қажет

Қазақстан банктерінде базалық ставка 10,5%- ға дейін төмендеді

 

 

Талқылау