Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да депутат пен әкім кеңесшісі қаза болған жол апатының себебі анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД депутат пен әкім кеңесшісі қаза болған жол апатының себептері жайлы айтты.

gotovo

Шымкент-Самара тас жолының 107 шақырымында жол жиегінде техникалық ақаулықпен тұрған Газ-53 автокөлігіне Тойота Прадо көлігі 23 шілде күні соқтығысты. Тойота көлігіндегі екі жолаушы, облысымызға танымал екі азаматымыз, ОҚО әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай мен облыстық мәслихаттың депутаты Қамытбек Айтөреев оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға орнына жеткен полицейлердің анықатуынша, «ГАЗ 53» жүк көлігінің техникалық себептерге байланысты жолдың оң жақ бетіне тоқтап, көлігін жөндеп жатқан. Осы кезде көліктің артынан «Тойота Ланд Крузер Прадо» көлігі келіп соғылған.

Екі көлік те айыппұл тұрағына жіберілді. Сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта апаттың толық мән-жайы анықталу үстінде.

Тағы да оқыңыз:

Семейлік бойжеткен рак ауруымен қалай күресіп жатқанын айтып берді (фото)

7 жыл төсек тартып жатқан Әнел: Марлен маған Алланың жіберген періштесі сияқты

Қостанайда жүргізушісі жоқ лимузин зейнеткерді қағып өлтірді

Талқылау