ОҚО –да 14 пен 18 жас аралығындағы қыздар арасында түсік жасату көбейген

Сәрсенбі, 9 Желтоқсан , 2015 7:46

Жас қыздар арасында жүкті болу мен түсік жасату санының өсуі алаңдатпай қоймайды. ОҚО-да  жас қыздар арасында баласын алдырту былтырғы жылмен салыстырғанда 34 пайызға өскен.

бала

Шымкентте өткен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда – әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық форумда кәмелет жасқа толмағандардың денсаулығы мәселелері талқыланды.

Әбдіқалықова өткен жылмен салыстырғанда түсік жасау 34 пайызға өскенін атап өтті. «Бұл – аймақтарда түсіндіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінің белгісі. Түсік жасату олардың отбасын құруда дұрыс ақпараттандырылмауы себебінен болып отыр. Бұл келеңсіздіктерге назар аударуларыңызды сұраймын», – деді Мемлекеттік хатшы.

Бұл тақырыпты Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесі Әсия Хайруллина да қолдады. Оның айтуынша, 15 пен 18 жас аралығындағы қыздар – ОҚО тұрғындарының ең проблемалы тобы. Ағымдағы жылдың алты айы ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 726 жыныстық сипаттағы қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға жоғары.

Форумға қатысушыларды ерте жастан үйленгендер де алаңдатады. «Әділет министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, 2015 жылдың 10 айында 835 ерте үйлену дерегі тіркелген. Өңірлер арасында мұндай некелер Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көп тіркелген. Алайда, бұл көрсеткіш төмендеп келеді деп айтуға болады, себебі бұрын олардың саны 3 мыңға жететін. Ерте отбасын құру қыздардың әлеуметтік оқшаулануына әкеп соғады. Себебі, ерте тұрмысқа шыққан қыздар бала көтерген соң мектепті тастап, арнайы маман бола алмай қалады, соның салдарынан жұмыс істемейді», – дейді  Хайруллина.

Форумға қатысушыларды Оңтүстік Қазақстан облысының 13 жасар тұрғыны еліміздегі ең жас ана екені таңғалдырды. Сонымен қатар, 620 мың тексеруден өткен қыздың ішінде тек 46%-ының толықтай дені сау болып шыққан. 15-18 жас аралығындағы нәзік жандылар 25% жағдайда гинекологиялық аурулармен аурырады, соның ішінде 22%-ы жыныстық қатынас салдарынан пайда болатын жыныс мүшелерінің қабынуы сырқатына шалдыққан. Яғни, мамандардың айтуынша, 54% жағдайда болашақ аналардың денсаулығында кінәрат бар, олар болашақта бала көтеру кезінде қиындыққа тап болуы мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар