ОҚО-да 12 жасар Балнұр Насыр есімді қыз жоғалды
22 мамыр күні Шымкент қаласына қарасты Қаратау полициясына 34 жастағы әйел 5-сыныпта оқитын қызының жоғалғанын айтып, арыз жазған. Балнұр Насыр 2004 жылы туылған. Қыз 22 мамыр күні үйінен кешкі 21:00 шамасында шығып кеткеннен қайтып оралмаған.

Келіншектің шағымы тіркеліп, қазіргі уақытта ОҚО бойынша барлық полиция бөлімдеріне Балнұр жайлы ақпарат таратылған. Қызды іздеуге аймақтағы ең тәжірибелі полиция қызметкерлері жұмылдырылған.
Балнұр жайлы ақпарат: Бойы 150-155 см, орташа денелі, көзінің түсі мен шашықара.
Киімі: Жасыл түсті кофтада, шалбары да жасыл. Көк түсті сүйретпеде .
Оңтүстік Қазақстан полицейлері қала тұрғындары мен қонақтарынан жоғалған Насыр Балнұр Бахытжанқызы жайлы қандай да бір ақпарат білген жағдайда хабар берулерін сұрайды.
8-771-883-30-13, 8-747-909-99-66 осы байланыс номерлеріне немесе 102 телефонына қоңырау шалса жеткілікті.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін