Оған Азия елінің бәрі ғашық болды: Eurosport Сабина Алтынбекованың сұлулығына тамсанды
Ресейлік Eurosport басылымы қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың сұлулығына тамсанып, спортшының әдемі суреттерін жариялады.

“Бұл волейболшы қыз Қазақстанның туындағы күннен де жарқын. Оған күллі Азия ғашық болды. Сабинаның сұлулығына тамсанып көріңіз. Сабина 2014 жылдан бастап таныла бастады. Ол осы жылы Азияда өткен жастар чемпионатында көзге түсті. Осы кезде команда капитанына Шығыс Азияның бәрі тамсана қарады. Бойжеткенге демеушілік және жарнамалық ұсыныстар кқптеп түсті”, – деп жазады басылым.

Сабина бір жылға Жапонияға аттанып, кейін Қазақстанға қайтып келді. 2016 жылдың соңында Ақтөбе қаласындағы волейбол клубына оралды. Онда ерлер және әйелдер тобы бар. Қазір Instagram парақшасында 722 мың адам жазылған.



Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев