Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Одан жаман болмаймыз: Ернар Айдар өзін қатал сынға алған Роза Рымбаевамен кездесті

Осыдан бірер ай бұрын Халық артисі Роза Рымбаева әнші Ернар Айдарды “өзбек не түрік әндерін қазақшаға аударып айтып жүрген той әншісі” деп қатал сынға алған болатын. Роза Қуанышқызының бұл сөзі халық арасында қызу талқыға түсті, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Одан жаман болмаймыз: Ернар Айдар өзін қатал сынға алған Роза Рымбаевамен кездесті

Ернар Айдардың өзі бұған қатысты дау шығарған жоқ. Тек: “ол кісінікі де дұрыс шығар, оны халық шешер”, – деп кішіпейілділік танытты. Аталған оқиға шілде айында орын алған болатын.

Күні кеше Ернар Айдар Роза Рымбаевамен түскен суретін жариялап, тыңдармандарын қуантты.

“Роза Қуанышқызы өте еңбекқор, парасатты тұлға, анамыздай ақ баталы, кейде біздерді бүгінімізден де жақсы болсын деп қамшылап алуы мүмкін. Одан жаман болмаймыз. Күз келіп, күн суытқанмен көңіл суытпасын. Жақсы сөз айтып, жандарыңыз жаздай жадырап жүрсін. Үлкендерге құрметіміз, кішілерге ізетіміз үзілмесін!” – деп жазды ол.

Жұрт Ернардың қарапайымдылығына, кішіпейілділігіне риза болды.

“Не болса да үлкен ғой, сыйлай бер”, “Жарайсың”, “Бұдан жаман болмайсың”, “Нағыз азамат, ер жігіт деген осындай болады”, – деп ризашылығын білдірді желі қолданушылары.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау