Облыс әкімі: Жаңаөзендегі хиджаб мәселесі бір аптаның ішінде шешіледі

Бейсенбі, 21 Қыркүйек , 2017 15:52

Астанада өткен баспасөз конференциясы кезінде Жаңаөзендегі оқушы қыздардың хиджаб киіп, орамал тағу жағдайына қатысты Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеме жасады.

2d55899d-64c6-405d-b96c-64737145d3f1

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Біріншіден, адамдармен кездесіп, оларға түсіндіру керек. Барлығымыз Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрекет етуіміз қажет. Екіншіден, баланың құқығын да қорғау керек. Біздің заңнамада баланың әрекетке қабілеттілігі 14 жастан басталады. Оған дейін ешкім баланы қандай да бір бағытқа (діни – авт.) бұруға құқығы жоқ. Ол (қыз бала – авт.) 14 жасқа толғанда өзі таңдап алады. Біз балаларға мәселенің мәнісін нақтылап бердік, проблемалар бар, бірақ олар өз шешімін тауып жатыр. Тиісті заңнамада көрсетілгендей, оқушылардың киетін мектеп формасы анық көрсетілген. Жаңаөзенде 40 бала (мектепке бармаған – авт.) болды, қазір 17 бала қалды. Біздің ойымызша, мәселе бір аптаның ішінде өз шешімін табады. Бұндай ұстаным күллі Қазақстанға бірдей”, — деді облыс әкімі.

3296513

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап, мектептерде орамал тағып, хиджаб киюге қатысты тыйым салынған соң, Жаңаөзенде 60 оқушы қыздар мектепке бармаған. Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық білім басқармасы нақтылаған еді.

Оқи отырыңыз:

Ақсақал президент Назарбаевқа қалай сәйгүлік сыйлағанын айтып берді

Сыныптастарын ұрып, ұстазына қол көтерген оқушы диспансерге жатқызылды

Айгүл Болатханқызы: Біздегі бағдарламалар қазақты қайыршылыққа үйретіп жатқан сияқты

Ақтөбелік мүгедек бала әлеуметтік желі арқылы бизнесін дөңгелетіп отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар