Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында 2 тоннадан аса картоп шіріп кетті: Аймақ басшылығы желідегі видеоға қатысты пікір білдірді

Желіде Павлодар облысында картоп өнімінің тонналап қоқыста жатқан видеосы тарады. Видео авторы қоқыста жатқан балғын картоптарды сиырлар таптап жатқанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан скрин

EGOV.PRESS Telegram арнасының мәліметінше, облыста 2023 жылы картоптың рекордтық өнімі жиналған. Видео авторы картоптарға ысырап жасалғанын жеткізді.

“Мына картоптарды қараңыз. Обалын-ай! Үстінде сиырлар жайылып жатыр. Сиырлар таптап тастаған. Сәл кірлеу болмаса, кәдімгі балғын картоптар. Қанша тонна жатыр?! Анау жаққа дейін жетеді. Обалын-ай! Осыны Қазақстан халқына таратып жіберсе ғой! Қаншама отбасының осыны ала алмай, ақшасы жетпей жатыр ғой”, – деді видео автор. 

Бұл видеоға қатысты ауыл шаруашылығы басқармасы пікір білдірді.

“Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы картопты полигонға шығару мәселесі бойынша мониторинг жүргізді. Аймақта тұқымдық картоптың толық сатылғанын ресми түрде растайды. Бүгінде ірі көкөніс қоймаларында сақталған картоп ысырап етілмейді және толығымен сатылады. 2024 жылғы 17 сәуірде Павлодар ауданы Заря ауылының полигонына қыстан кейін шіріген, одан әрі пайдалануға жарамсыз картопты қалдықтары мал азығына шығарылды”, – деп түсіндірді басқарма. 



Ведомствоның айтуынша, бұл қалдықтардың саны 2-3 тоннадан аспайды.

“Қала мен аудан әкімдіктері қатты тұрмыстық қалдықтар тасталған орындарға барды. Онда мұндай ірі көлемде картоп шығару фактілері анықталған жоқ. Бұл бейне шындыққа жанаспайды және Павлодар облысының аумағында түсірілмеген”, – деп қорытты басқарма. 

 Еске салсақ, осыған дейін қоғам белсендісі, саясаткер Санжар Боқаев ел қоймаларында жиналған пияздардың босқа шіріп жатқанын айтып дабыл қаққан еді. 

Талқылау