Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОАР-да қартаң әйел бес бірдей немересін мұздатқыштан өлі күйінде тауып алған

Оңтүстік Африка Республикасының Какамас қаласында тұратын қарт әйел бес бірдей немересінің өлігін бұзылып қалған мұздатқыш камерасынан тапты.

SqC5mUvlEty4cFEoy6dBg

Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлайы.

Полицияның мәліметі бойынша, бір үйдің үштен жетіге дейінгі аралықтағы балалары аулада ойнап жүріп, сонда бұзылып тұрған мұздатқыштың камерасына кіреді. Олар ойнап жатқанда есік жабылып қалады да, іштен ашылмай қояды. Осыдан кейін балалардың бірде-біріне сыртқа тірі шығуды жазбапты.

Тергеушілер балалардың өлімі тұншығып қалудан болғанын айтып отыр. Сәбилер өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары жергілікті БАҚ-тар арқылы ата-аналардан кішкентай балаларын қараусыз қалдырмауды сұрады.

Талқылау