Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте жесір әйел 300 мың долларды мысықтарына мұрагерлікке қалдырды

Нью-Йоркте тұрған Эллен Фрей-Ваутерс есімді әйел өзінің екі мысығына 300 мың доллар ақшаны мұрагерлікке қалдырған.

22b3e1a6a8b304c71fedfaa19c6c8a93_XL

Бұл туралы New York Post хабарлайды.

Нидерландының тумасы Эллен Фрей-Ваутерс БҰҰ-да жұмыс істеген. Оның күйеуі 1989 жылы қайтыс болған, ал баласы сәби кезінде шетінеп кетіпті. Ал Фрей-Ваутерстің өзі 88 жасында өмірден озды.

Әйелді жақсы танитын Далия Гриззлдің айтуынша, “Мысықтары оның балалары сияқты болған”. Қазір ол Тигр есімді мысыққа қамқор болып жүр.

Екінші Трой деген мысығы әйелдің тағы бір көмекшісі Ританың қамқорлығында екен.

Мысықтар өлгеннен кейін оларға тиесілі қаражат Фрей-Ваутерстің сіңлісіне өтеді. Мұраға қалған 3 миллион доллар Ваутерстің екі көмекшісіне, қайырымдылық қорларына және адвокатына бөлінген.

Оқи отырыңыз:

Жапонядағы барлардың бірінде маймыл даяршы болып жұмыс істейді

Жас жігіт өзін мазақ еткен жеткіншектен кек алу үшін оның анасымен төсектес болды

Аю өзіне сүт бермек болған ер адамның қолын қоса жеп қойды (видео)

Ресейлік бала күтушісі балаларды ұятсыз фильмдермен тыныштандыратынын айтып мақтанды

Талқылау