Нью-Йоркте өткен гей-шеруде Қазақстанның туы алдыңғы қатардан көрінді
26 маусым күні Нью-Йоркте өткізілген гей-шеруде Қазақстанның туы да алдыңғы қатардан көрінді.

Бұл туралы Александр Смирнов есімді қолданушы өзінің Фейсбуктағы парақшасында жариялапты. Қазақстанның атынан шеруге атсалысқан қатысушы ту көтеріп, жүріп өткен.

Бұл гей-шеру Нью-Йоркте жыл сайын өткізіледі. Бұл жолы оларға АҚШ президенттігіне үміткер демократиялық партияның өкілі Хиллари Клинтон да қосылды.

Оның қасында Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо мен қала мэрі Билл де Блазио да болды.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек