Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте белгісіз ер адам мұсылман қызын өртеп жібермек болды (фото)

Нью-Йорк қаласында белгісіз адам қыдырып жүрген мұсылман қызға шабуылдады, деп жазады NBC New York. Жәбірленушінің айтуынша, оқиға сенбі күні болған.

depressiya

Ер адам оған жақын келіп ешнәрсе айтпастан оттықпен үстін өртемек болған. Ол қыздың киімін тұтатып, өзі ізін жасырған. Алайда, қыз отты сөндіріп үлгерген.

Полицейлер қызға шабуылдаған белгісіз ер адамды іздестіріп жатыр. Бақылау камерасына түсіп қалған қылмыскердің суреті де жарияланды. Алайда, оны бет-жүзі түспей қалған.

pic_8103fae53881e701bebbc728c1d37485

Америка-ислам қатынастар кеңесі жағдайдың неден болғанын анықтап жатыр. Ұйымда өткен аптада болған оқиғаны да сөз етті. Бруклин ауданында әлдебір әйел екі мұсылман әйеліне жақын келіп, «Америкадан кетіңдер, бұл жақта сендерге орын жоқ» деп айқайлаған. Ол екі қыздың бірін ұрып, оның хиджабын шешіп тастамақ болған. Шабуылдаушы әйелді қамауға алынды.


Жіберіп алмаңыз:

Британияда жеткіншек жазғы демалысқа жігіт болып кетіп, мектепке қыз болып оралды (фото)

Рамзан Қадыров жағдайы ауыр қазақстандық науқас қызға жәрдемдесті (фото)

Ғалымдар 5 шақырым жер астындағы таң қаларлық патшалық әлемін ашты (фото)

 

Талқылау