Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесі берілді

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесі берілді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Сенат спикері Дариға Назарбаева палата отырысы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру рәсімінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралы бастаманы көтергенін еске салды. 

Сенаторлар дауыс беріп, бұл бастаманы бірауыздан қолдады. 

"Құрметті әріптестер, бүгін біз тәуелсіз Қазақстанның негізін салған Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылдадық. Бұл Қазақстан мен оның қоғамы даму үшін зор үлес қосқан азаматқа құрмет ретінде әділ шешім. Барлығыңызға үлкен рахмет. Біз енді ол сенатқа қатысып тұрады деп болжаймыз", - деді сенат спикері Дариға Назарбаева. 

Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Нұрсұлтан Назарбаев жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атанды. Оны бірінші болып Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин қолдап, өзге мемлекеттердің лидерлері бұл шешімді қоштады. 

Талқылау