Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Сейтімов ТМД бас хатшысының орынбасары болып Дәурен Абаевтың орнына келді

Қазақстанның Эстониядағы бұрынғы елшісі Нұрлан Сейтімов ТМД атқару комитетіндегі қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: avesta.tj

"2024 жылғы 23 сәуірде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев ұжымға өзінің жаңа орынбасары, Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды", – деп хабарлады атқару комитетінің баспасөз қызметі.

Дәурен Абаев әзірге дипломатиялық қызметін атқарып жатыр. Ол өткен шілдеде президент жарлығымен Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған еді.



Айта кетейік, Нұрлан Сейтімов 2019 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың наурызына дейін Қазақстанның Эстониядағы елшісі болды. Бұған дейін 2019 жылдың қаңтарынан бастап сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, одан бұрын, 2016 жылдың наурызынан бастап Тәжікстандағы елшісі болды.

Еске салайық, 2024 жылдың 1 сәуір күні мемлекет басшысының жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалғанын жазған едік. 

Талқылау