Нұрболат Абдуллин өз туған күнінде қызын перзентханадан шығарып алды (видео)
Нұрболат Абдуллиннің шаңырағында қос қуаныш. Күні кеше меншікті мерекесін атап өткен әнші екінші қызын перзентханадан шығарып алды. Салтанатты жиынның кадрлары әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады Stan.kz.
Фото: Instagram/maralmedia
Әншінің өзі жеке өміріне қатысты жағымды жайтты жария етуге асықпады. Есесіне әріптестері мен достары перзентханадан шығу салтанатынан фото-видеолар жариялады.
Белгілі журналист әрі шоумен Нұржан Аташтың Нұрболаттың екінші қызына кіндік әке атанғанын айта кетейік.
"Кіндік қызымды қолыма алғандағы сезімімді жеткізу мүмкін емес! Көріктімнің көрімдігін дайындай беріңіздер, міне менің Табиғатым!" - деп қуанышымен бөлісті ол.
Сондай-ақ, Гүлфарида мен кішкентай Табиғатты шығарып алуға Нұрболаттың анасы, басы дауға қалған досы Әбдіжаппар Әлқожа да келді.
Естеріңізде болса, күні кеше Абдуллин алғаш рет жұбайы жайлы сыр шерткен болатын.
Талқылау