Нұржан Төлендиевке нағыз өнерді жерлейтін тамадалықты тастау ұсынылды

Сәрсенбі, 27 Қаңтар , 2016 10:57

Актер Нұржан Төлендиевке  асабалықты тастау ұсынылды. Көрермендері  Туканы тамада болып ақша тапқанша нағыз өнермен айналысып көрерменіне сапалы дүние ұсынуға шақырды. Ондай жағдайда  материалдық тұрғыдан қиындықтар болуы мүмкін десең Есентаевадан үйрен дейді табынушылары.

tuka_2

 «Бүгінгі заманның «геройы» әртістер. Сондықтан маңдайға басқан «геройымыздың» өзін-өзі жетілдіріп, биік белестерді бағындыруы тиіс-ақ. Нұржан өнер өлкесіне қазығын тереңірек қағып, қалың қазақтың мақтанышына айналғанын қалаймыз»,- деп басталады “Қала мен дала” басылымында жарық көрген мақала.

Мақалада өнер жолын таңдаған әртістердің, тамада болып нәпақа тауып кетіп, таза өнерге кесірін тигізіп алып жататыны ашық айтылған. Сосын сахна тарланбозы Нұржан Төлендиев турасында көсіліп, қазір әзіл-сықақ театрлары қаптап кеткенін, соған қарамастан сапа тұрғысынан «Алдараспанның» көш ілгері алда келе жатқанын айтады. Кейіпкерлерін көшеден іздейтіні, шынайы өмірден алатыны, күлдіре де, жылата да алатынын айтып автор «әп, бәрекелді» дейтін емеурін танытқан.

Айтып-айтып келіп, негізге мәселеге ойысқан автор, танымал әзілкеш тамадылығын тастаса деген ойын жеткізген.

«Біз әңгіме етіп отырған Нұржан Төлендиев де асабалықпен айналысатынын білеміз. Өнер көгінде самғап, жұрттың көзайымына айналған Нұржан қазір жолайрықта тұрғандай…Ол Құдай берген өнерін сақтап қалғысы келсе, тамадалықты тастап, өнерін дамытуға күш салуы керек-ақ. Біз бұл «ақылымызды» кез келген әртіске қаратып айтуға болар еді. Бірақ олардың бәрі Нұржандай көпшіліктің ықыласына бөленген емес. Әңгіме басында «өнер құрбандықты қажет етеді» деген үлкендердің сөзін бекер айтқан жоқпыз. Дәл қазір Нұржан Төлендиев өнері үшін асабалығын құрбандыққа шалуы тиіс», – дейді автор.

tuka1912

Асабалық отбасын асыраудың жолы. Концерт пен өнерден пайда табам деу ақымақтық дегендерге, автор Баян Есентаеваны мысалға келтіреді.

«Егер өнер адамдары Баяндай еңбек ететін болса, Қазақстан Ресейдің әнші-әртістерінің май шелпегіне айналмас еді. Осы жайттарды сараптағанда біздің отандық шоу-бизнес нарықта бәсекеге қабілетсіз екені байқалып қалады», – делінген мақалада.

 IMG_7287

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Кашангы атагы шыгат оданда зор жастар бар емеспе

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар