Нұржан Керменбаев пен Мақпал Исабекова ерекше бейнебаян түсіріп, жұртты таңғалдырды (видео)
Нұржан Керменбаев пен Мақпал Исабекова тыңдармандар армиясын қуантты. Қос талант иесі “Айта бермеші” атты әнге әсем бейнебаян түсіріп, жұртты тәнті етті, деп жазады Stan.kz.

Аталған әнбаян “Зор” атты отандық фильмнің басты саундтрегі болып табылады. Айта кетейік, кинокартинада BN тобының өнерпаздары басты рөлді сомдайды.
Табиғат ананың көрікті жерлерін паш ететін бейнебаян да, заманауи стильдегі ән де тыңдарман көңілінен шықты. Көпшілік Нұржан мен Мақпалдың дуэті сәтті шыққан деп жаңа туындыны оңды бағалады.
“Соңғы кездері әндеріңіз де, клиптеріңіз де мықты Мақпал”, “Ән супер”, “Жарайсыздар”, “Шығармашылығыңыз шыңдала берсін”, – деп ақ тілектерін жеткізді тыңдармандар.
Жіберіп алмаңыз:
30 жасқа толған Сиви Махмуди дүркіретіп той жасады (фото, видео)
Қабатов бастаған КВН майталмандары науқас баланың арманын орындады (видео)
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды