Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаев аз уақытта 7 келі салмақ тастаған

“Super Star” жобасы арқылы танылған Нұржан Керменбаевтың сахнада жүргеніне 10 жыл толып қалыпты. Осы орайда қазақтың қара баласы мерейтойлық кешін өткізбек. Әнші алғашқы ән кешіне шығармашылық және физикалық тұрғыдан барынша дайындалуда. Тіпті, сахнада сымбатты көріну үшін арнайы диета ұстаған Нұржан аз уақыттың ішінде 7 келі салмақ тастағанын айтады.

Бұл туралы “Гәкку” арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

90-95 пайызын орындап қойдық деп айтсақ болады. Кішігірім ньюанстар, шешілмеген сұрақтар қалды. Оның бәрі осы жетінің ішінде шешіледі деген ойдамыз”, – дейді Нұржан.

Ауқымды концертке жұмсалған қаржының көлемі де қомақты. “10 жыл бойы концерт бермегенімнің себебі осы, барлығы қаржыға келіп тіреледі”, – деп түсіндірді Нұржан.

Нұржан бұл концертін ерекше етіп өткізбек. Онда жаңа әндер де, жаңа дуэттер де болады.

“Кеше ғана шығарған әндерім де, ең алғаш сахнаға қадам жасаған кездегі әндерім де бар. Солардың барлығын орындайтын боламын. Жаңа туындылар бар, күтпеген дуэттер де бар”, – деп бөлісті Нұржан.

Алайда Керменбаев күтпеген дуэеттерді құпияда сақтап қалды. Әнші концертке келген тыңдарманға тосынсый жасамақ ниетте.

“Қара бала билейді, ән айтады және жалпы есте қалатындай кеш өткізеді”, – деп атап өтті Нұржан. Әнші концертке шығармашылық қана емес, физикалық тұрғыдан да барынша дайындалуда.

“Фитнес бар, диета бар. Соның бәрінің нәтижесінде бір айда 7 килограмдай тастадым”, – дейді Керменбаев. Артық салмақтан арылған Керменбаев бүгінде қуана-қуана жаңа костюмдер тіктіріп жатыр.

“Арнайы тіктіртіп жатқанымыз да бар, шетелден алдыртып жатқанымыз да бар ғаламтор арқылы. Өйткені ол біздің елде жоқ”, – дейді Нұржан.

Айта кетейік, Нұржан Керменбаевтың жеке ән кеші 3 қараша күні Алматыдағы Республика сарайында өтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Омырауы ашық көйлек киген Баян Мақсатқызы жұрттың ашуына тиді (видео)

Зарина Омарова: Әкем бізді тастап, басқа әйел алғанда қатты ренжідім

Нұртас Адамбай бұрынғы әйеліне қайта қосылды

Төреғали Түркияда мініп жүрген көлігін көрсетіп, жұртты күлдірді (видео)

Талқылау