Нұртас Айдарбеков халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды
Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков Miami Internatoinal Film Festival халықаралық кинофестивалінде ең үздік ердің рөлін сомдағаны үшін марапатқа ие болды. Бұл туралы фильм продюсері Сиви Махмұди “Время” газетінің тілшісі Оксана Василенкоға берген сұхбатында айтып берді.

Нұртас Айдарбеков “Соқыр махаббат” фильмінде ойнаған. Бұл фильмге Сиви Махмұди продюсерлік еткен. Фильмде басты рөлді Сивидің өзі мен “Азия” тобының әншісі Ринат Баситов сомдайды.
Басылымға берген сұхбатында Сиви Айдарбековтер отбасымен бұрыннан достық қарым-қатынаста екенін айтты.
“Нұртастың актерлік қабілеті жайында бұрыннан хабардармын. Біздің фильмді халықаралық байқауда кездейсоқ байқап қалғанына қуаныштымыз”, – деп атап өтті Сиви.
Фильмге Өзбекстанда кеңінен танымал Данияр Саид режиссерлік еткен.
Жіберіп алмаңыз:
Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер балалар үйінің тұрғындарына көмектесті (фото)
Қайрат Нұртас рэп айтып тыңдармандарын таңғалдырды (видео)
Айдарбекова: Ендігі арманым күйеуімді актерлық, әншілік жағынан таныту
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты