Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай Универсиада ұйымдастырушыларына: Алауларыңды өздерің ұстаңдар

Танымал комедиялық актер, шоумен әрі режиссер Нұртас Адамбай Алматыда өтетін Универсиада-2017 алауын ұстап жүруден бас тартты.

1454258221pxb1s-725x

Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

“Бірнеше күн бұрын маған хабарласып, Универсиада алауын ұстау мәртебесі бұйырғанын айтты. Жексенбі күні әкімдікке келіп, оның құрылымымен танысуға шақырды. Осыған дейін Универсиада елшісі атанғандықтан қарсы бола алмадым. Осыған байланысты мен жексенбі күнгі жоспарымды өзгертуге мәжбүр болдым”, – деді Адамбаев.

Айтуынша, ол белгіленген уақытта әкімдікке келген.

“Бірақ, онда бәрі тып-тыныш. Сосын ондай кездесудің кеше өтіп кеткені туралы фейсбуктегі бір жазбаны есіме түсірдім. Алау ұстайтындар тым көп болғандықтан, 2 күнге бөлген шығар деп те ойладым. Сол жазбаны жазған фейсбуктегі досыма хабарластым. Сөйтсек, кездесетін күнді ауыстырған екен. Одан ұйымдастырушының нөмірін сұрап алдым. Оның нөмірін сенбі күні таңертеңгі маған келген қоңыраулардың ортасынан тауып алдым. Бірақ, мен түскі ас уақытында оған қайыра телефон шалғанымда көтермеді. Мен әрине түсінемін, бірақ смс жаза салу еш қиын емес ғой. Осы үшін мен барлық жоспарды кейінге қалдырғанмын. Құрметті ұйымдастырушылар, алауларыңды өздерің ұстаңдар”, – деп жазады ол.

Алайда кейінірек Адамбаев әлгі жазбасын өшіріп, басқасын жариялады.

“Универсиада және алау бойынша. Мұндай үлкен шараға қаншама адам үзіліссіз дайындық жүргізіп жатқандықтан, алдыңғы жазбамды өшірдім. Мені дұрыс түсінбей қалмасын деген ниетпен. Егер бір қызметкер смс жазбай, ескертуді ұмытып кетсе – онда ол тек сол адамның жеке қателігі. Мен оған ренжімейтін де едім, тек зая кеткен уақытымды аядым. Менің телефонды көтермеген себебім, жаңа киноның дайындығына кірісіп, дыбыссыз режимге қойған едім. Бірақ, ондай жағдайда ватсап немесе смс бар ғой. Жарайды, мүмкін сол кезде ол қызметкер әрі-бері жүгіріп, шаруаның қамымен шапқылаған шығар. Ешкімге ренжімеймін, Универсиаданың жақсы өтуіне тілектеспін”, – деп жазады актер.

Еске сала кетсек, XXVIII қысқы Универсиада 28 қаңтар-8 ақпан аралығыда Алматы қаласында өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі 28 қаңтар күні болады. 25-29 қаңтар аралығында өткізілетін Универсиада алауын алып жүру шарасына 1000 адам қатысады.

Қазіргі таңда Алматыда Универсиадаға дайындық жұмыстары ерекше қарқынмен жүргізіліп жатыр. Тіпті арнайы тікұшақтар да қарастырылған. Сондай-ақ, сайысқа қатысатын қазақстандық спортшылар тізімін де жария еткен болатынбыз. Ал мына сілтеме арқылы жеңімпаздарға берілетін сыйақы көлемімен де таныс бола аласыздар.

Оқи отырыңыз:

Болманов бесінші сәбилерінің қыз болуын жаратқаннан тілеп жүргенін айтты

Димаш Құдайбергенов кім?

Баян Мақсатқызы сүйіктісінің ұсынысын қабыл алғанын жариялады

Оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Жақындары Мұрат Насыров жайында естеліктерімен бөлісті

 

Талқылау