Нұртас Адамбай “халықтың” сценарийі бойынша фильм түсірмек
Танымал кинорежиссер Нұртас Адамбай “халықтың” сценарийі бойынша фильм түсірмек. Ол талантты сценаристер арасында байқау жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сайысқа Қазақстан мен ТМД елдерінің кәмілеттік жасқа толған кез келген азаматы қатыса алады.
Ең үздік қатысушы «Nurtas Production» киностудиясына жұмысқа қабылданады және оның сценарийі бойынша толықметражды фильм түсіріледі.
Адамбайдың талабы бойынша, сценарий А4 форматында 1 беттен аспауы тиіс. Қатысушы бір бетке фильмнің мазмұнын сыйдырып, режиссерді қызықтыра білуі шарт.
Ал сценаристер байқауы бірнеше кезеңге жалғаспақ. Оның алғашқысы ертең, яғни 20 сәуір күні басталады.
Тағы оқыңыз:
Шахизада: Арсыз әншілерді жарнамалайтын телеарналарды жазалау керек
Гүлнұр Оразымбетова өзіне “топас” деп тіл тигізген тыңдарманына жауап берді
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды