Нұртас Адамбай Головкиннің командасына ол туралы кино түсіргісі келетінін айтып өтініш білдірді
Танымал қазақстандық актер, режиссер Нұртас Адамбаев боксшы Геннадий Головкиннің командасына спортшы туралы фильм түсіргісі келетінін айтты.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялаған.
“Үш ай бұрын Головкиннің PR-менеджеріне Гена туралы керемет фильм түсіруге болатынын жазып жібердім. Ол қазіргі таңдағы әлемдегі ең танымал қазақстандық. Біздің даламыздың нағыз батыры! Менеджер мұндай ұсыныстардың үнемі түсетінін, бірақ менің де ұсынысымды жеткізетінін айтты. Олар қайткенде де Головкин туралы фильм түсіреді деп ойлаймын. егер дәл қазір Головкин туралы кино түсірілсе, ол өте өзекті болар еді”, – деп жазды Адамбаев.
Оқи отырыңыз:
Есентаева өзіне майонез жарнамалауды ұсынғандар туралы айтып күлді
Баян Есентаева 31 жасында ашқан алғашқы бизнесі туралы айтты
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан