Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтан айнымайтын азамат қалай өмір сүріп жатыр

20 жылдан бері Қостанайда тұратын Сәрсенбай Доданов мемлекет басшысы Нұсрұлтан Назарбаевқа қатты ұқсайды. Ол бүгінде Қазақстан темір жолының Қостанайдағы бөлімшесінде диспетчер болып қызмет атқарады. Өзінің айтуынша, оны алғаш көргендер қатты таңғалып, кейбіреулер тіпті қобалжып, абдырап қалады екен.

Нұрсұлтан Назарбаевтан айнымайтын азамат қалай өмір сүріп жатыр

Бұл туралы «Евразия бірінші арнасы» хабарлайды.

«Еліміздің патшасына ұқсағасын, бүкіл жұрт, халық біледі. Содан төрін береді. Кейде жолда келе жатқанда, МАИ-дің қызметкерлері тоқтатып: «Ой, аға, сіз екенсіз ғой, бара беріңіз, бара беріңіз», – дейді. Кәдімгі өмірде, әртүрлі жағдайда көмегі жиі тиіп тұрады», – дейді Сәрсенбай Доданов.

Сәрсенбай Додановты мектептерге, балабақшаларға, сондай-ақ, жекелеген азаматтар қонақтықтарға сөз сөйлеуге шақырып тұрады екен. Тіпті, Ресейде жарнамаға түсуге де ұсыныс жасалыпты. Дегенмен, президенттің сыңары кез-келген ұсынысқа келісе бермейтінін айтады. Ал «Елбасы жолы» киноэпопеясының кейбір эпизодтарын сомдауға қарсылық білдірмепті.

Нұрсұлтан Назарбаевтан айнымайтын азамат қалай өмір сүріп жатыр

«Теміртау қаласында Астана қаласында түсірілімдер болды. Елбасының қазіргі кезін, еске алу сәттерін ойнап бердім. Енді өте қиын емес қой деп ойлаймын. Өзімнің қолымнан келгенше. Мен енді кәсіби актер емеспін ғой. Ойнап бердік», – дейді ол.

Нұрсұлтан Назарбаевтан айнымайтын азамат қалай өмір сүріп жатыр

Түрі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсағанымен, Сәрсенбай Доданов күнделікті өмірде елбасының жүріс-тұрысын, қылықтарын қайталауға тырыспайтынын айтады. Өзінің басқа адам екенін жақсы ұғынады екен. Бүгінде ол бос уақытында екі қыз, бір ұлынан туған немерелерін бағып, қарапайым ғұмыр кешіп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау