Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев жалқау қазақстандықтарды ұялтып тастады

Бүгін, 1 маусымда, Астанада «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясын жастарға білім мен мамандық беру мәселесіне белсенді түрде қатысуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Мемлекет тағы не істей алады? Қолынан ұстап: “Оқы, міне саған жұмыс, еңбек ет, өтінеміз”. Осының барлығын “Нұр Отан” қолдап, үн қосуы керек. Басқа кім? Егер біз мұны жасасақ, бүкіл әлемге әр жастың мәселесімен жеке-дара айналысатын мемлекет ретінде таныламыз.

Бір биеден ала да, құла да туады” демекші, бос белбеу, еріншек, түк пайдасы жоқ адамдар барлық қоғамда болған, бола да береді. Бірақ олар аз ғана, өздерінің қылығынан ұялады. Егер оны оқытып, бастапқы кезеңде көңіл бөлсе, жұмысқа үйреніп, қоғамға пайдасын тигізеді”, — дейді Назарбаев.

Айта кетсек, бүгін, 1 маусымда, Астанада «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында партияның жүйелі жаңғыртылу, сонымен қатар мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын қадағалайтын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау