Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» съезінде маңызды не айтты

Бүгін елордада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде айтқан маңызды сөздері жарияланды.

Нұрсұлтан Назарбаев

– Мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін Ұлттық қордан ақша бөлу туралы шешім қабылдадым. Атаулы көмек ең мұқтаждарға берілуі керек. Мен өзім бұны жеке бақылауда ұстаймын!

– Біз мұғалімдердің жалақасын өсірдік, өздерінің кәсібилігін дәлелдегендерге 50 пайыз, жалпы 30 пайыз өсірдік. 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы жалақасы ең аз адамдардың жалақасын 30 пайызға өсіруді тапсырамын.

– Миллионерлерге мемлекеттен тағы көмек берудің қажеті не? Кірісі аз отбасылар арасында 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алады екен. Көп балалардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуды тапсырамын.

– Мүгедек бала асырап отырған ата-аналар мен отбасыларға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға асыруды тапсырамын.

– Бүгінде елімізде 4 баладан көп баласы бар 340 мың отбасы бар. Оларды қолдау үшін 500 миллиард бөлінген. Мұндай қолдауды алда да жалғастыру керек. Толық емес көп балалы отбасыларды қолдау керек. Жұмыспен қамту керек. Қашықтан жасайтын жұмыспен болса да. Осындай отбасыларға жеке жәрдемақы берілгенде көп балалы аналар мен мүгедектік үшін және басқа да әлеуметтік көмектерді есептемеу керек. Әйтпесе бәрін есептей келгенде, олар ауқатты отбасы болып саналып кетеді.

– Баспанамен қамту мәселесі де маңызды. Үкіметке”Нұрлы жер” арқылы 40 мыңға жуық пәтер салуды тапсырамын. Ол аренда жүйесіндегі пәтерлер болады және әлеуметтік аз қамтылғандарға арналады. Бұл үшіін 7 жыл бойы жыл сайын 50 млрд теңге бөлінеді. Көп балалы мен толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар адамдар үшін тұрғын үй несиесін ТҚЖБ арқылы 3-5 пайызбен беруді тапсырамын. Ол үшін ТҚЖБға қосымша қаржы керек.

– Қазір әкім жылына бір рет есеп беретін болды. Бұл не деген сөз? Әкім халықпен бір күн емес, күнде кездесуі керек. Халықпен кездесу үшін бір жыл күтудің қажеті қанша?! Әкімдер халыққа жақын болуы керек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау