Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Әлібек Дінішевпен бірге ән шырқады (видео)

Кеше, 1 қарашада, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі әнші Әлібек Дінішевті қабылдады. Кездесу кезінде елбасы мен халық әртісі бірге ән шырқады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Әлібек Дінішевпен бірге ән шырқады (видео)

Кездесу барысында елбасы халық әртісі Әлібек Дінішевтің еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуда атқарған айрықша рөлі мен еңбегін атап өтті. Сондай-ақ, әншінің елорда мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді түрде үлес қосып келе жатқанын жеткізіп, Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Астана Опера» театрында өткен ән кешінің сәтті өтуімен құттықтады.

Өз кезегінде Әлібек Дінішев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өнер қайраткерлеріне көрсетіп келе жатқан қолдауы мен шығармашылық саласында ұстанатын саясаты үшін ризалығын білдірді.

«Мен Астананың мерейтойын атап өтуге үлес қосуды парызым деп білемін. Егемен еліміздің мәдениетін қалыптастыру кезінде Сізбен бірге болғанымды мақтан етемін. Бұл жолда көптеген қиыншылықтар еңсерілді. Қазір бәрі түбегейлі өзгерді, театрларға керемет жағдай жасалды. «Астана Опера» – соның жарқын мысалы. Оның сахнасында ән айту – зор қуаныш», – дейді Дінішев.

Сондай-ақ, кездесу барысында мемлекет басшысы мен халық әртісі «Люблю тебя, мой край родной» әнінің (сөзі – И.Назалевичтікі, музыкасы – Г.Подэльскийдікі) үзіндісін шырқады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау