Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылы Қазақстанды қалай елестетінін айтып берді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиында елімізді 2050 жылы қалай елестетінін айтып берді.

78ba924d701910d7db87b76050e

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Уақыт зымырап өтіп жатыр. Алдағы онжылдықтағы басты ұлттық идея – жаңа сапалы даму жолына түсу. Сол себепті алдағы жылдары мен қоғамның күшін нығайтып, барлық стратегиялық тапсырмалар мен жоспарларды жүзеге асырғым келеді”, – деді Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына 2050 жылы кіреді. Сол жылы орта және шағын қазақстандық бизнес ЖІӨ-нің 50 пайызын өндіріп шығармақ. Ал ұлттық экономиканың өсімі еңбек өнімділігімен қамтамасыз етіледі.

“Еңбек өнімділігі бес есеге артып, бір адамға 120 мың доллардан келеді”, – деді Назарбаев. Оның есебінше, индустрияландырудың екінші кезеңі аясында 300-ден астам жаңа инновациялық кәсіпорындар тұрғызылып, 2050 жылға дейін 2 миллионнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылмақ.

“Энергия жұмсалуы екі есеге азайып, негізгі капиталдағы инвестиция үлесі ЖІӨ 30 пайызына дейін жетеді. Басқа елдер секілді бізде урбанизацияға үлес қосамыз. 2050 жылы Қазақстандағы қала тұрғындарының үлесі 70 пайызға дейін артып, 380 шаршы миллионнан астам тұрғын үй салынад”, – деді мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, ЖІӨ 4,5 есе – 46 мың долларға дейін көбейіп, деңгей тұрғысынан басқа дамыған елдермен теңесеміз. Осы ретте Назарбаев қазақстандық қалалар мен ауылдар арасын сапалы жолдар байланыстырып, жылдам әрі қауіпсіз барлық транспорт түрлерінің шығатынына уәде берді.

“Бұл біздің еліміздің аймақтарының бір-бірінің арасын жалғауына мүмкіндік береді. Бұл экономикалық мүмкіндігімізді де көтереді: бұрын Астана мен Алматының арасына пойыз тәулік бойы жүріп барса, қазір 12 сағатта жетеді. Атыраудан Алматыға дейін адам 3-4 күн жүріп жететін, ал қазір бір жарым тәулікте келеді. Және бұл жылдамдық арта түспек. Біздің азаматтар өз елінде әуемен болсын, пойызбен, басқа да көлік түрлерімен бұрынғыдан да көп әрі жайлы саяхат жасай алады”, – деді ол.

“Барлық азаматтар тұрғылықты жері, жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайына қарамастан жоғары білім және медициналық көмек ала алады. Жасалған реформа халықтың жағдайының жақсаруы қазақстандықтардың өмір сұру ұзақтығын 82 жасқа дейін арттырмақ. Сөйтіп жапондармен теңесеміз”, – деп атап өтті президент.

“Бала туған кезде де ақшаны көп бөліп отырмыз. Бұл өз кезегінде балалардың көптеп тууына жол ашады. Әлемдік мамандардың айтуынш, егер туу көрсеткіші 2,11 пайыздан төмендеп кетсе, кез-келген ұлт 25 жылдан кейін жоғалып кетпек. Сол себепті Қазақстанның бүгінгі бэйби-бумын қолдау керек”, – деді Назарбаев.

“Бұл ешқандай да утопия емес. Біз “Қазақстан-2030″ бағдарламасын қабылдаған кеде де көп адам бұл утопия деді. Ал біз оны 15 жыл ішінде екі есе жылдамдықпен атқарып тастадық”, – деп атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Неміс маманы Рахат Әлиевтің кісі қолынан қаза тапқанын жариялады

Туыстары Әблязовтың бостандыққа шыққанын айтып сүйінші сұрады

Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе? (видео)

Бекболат Тілеухан министрден Facebook желісін ауыздықтауды сұрады

Талқылау